Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Телефонын тартып алды": Шымкенттіктер базар алдында жаңғақ сатқан әжейге тиіскен полицейлерге ашуланды

Опубликовано:

Әжей
Кадр: Instagram/aqparat.kz

Шымкенттіктер базар маңында сауда жасап отырған 75 жастағы әжейді орнынан қуған полицейлерге ашуланды. Желіде тараған видеоға қатысты Шымкент қаласы полиция департаменті пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Шымкент базарында болған жағдай туралы видео Instagram-дағы dobryaki_shymkenta парақшасында пайда болды. Жазба авторы екі полицейді 75 жастағы әжейдің жасын сыйламады деп ашуға мінген.

"24 қазан күні базарда оқыс оқиға болды. Екі полицей базардың шетінде жаңғақ сатып отырған әжейге тиісе бастады. Дәлірек айтқанада қара маскадағы полицей әжейге дөрекі сөйлеп, телефонын тартып алып, ұлымен сөйлестірмей қойды. Әжей өзін жайсыз сезініп кетті, біз ол кісіге жақтастық", - дейді жазба авторы.

Шымкент тұрғынының сөзінше, тәртіп сақшылары өздерін таныстырудан бас тартқан.

"Өте ыңғайсыз жағдай болды, тапа-тал түсте жасы үлкен кісіге тиіскені дұрыс емес. Әжейге оңай тимегені рас", - дейді жазба авторы.

Оқиғаның куәсі болған тұрғындар полицейлердің әжейге аса ауыр қылмыс жасаған адамдай қарағанын сынға алды.

Аталған жайтқа қатысты Шымкент қалалық полиция департаменті пікір білдірді.

Олардың мәліметінше, әл-Фараби ауданында полиция қызметкерлері белгіленбеген орында сауда жасаудың алдын алу үшін рейд жүргізген. Сондай-ақ, департамент видеожазбадағы полиция қызметкерлеріне қатысты қызметтік тексеріс жүргізілетінін де хабарлады.

"Әл-Фараби аудандық полиция бөлімінің қызметкерлеріне қатысты қызметтік тескеріс жүргізіледі. Оның нәтижесі бойынша қызметкерлер тәртіптік жауапкершілікке тартылады", - дейді Шымкент қалалық полиция департаменті.

Бұдан соң видеоға қатысты Шымкент полиция департаментінің орынбасары Алмас Әмзеев түсініктеме берді.

"Тәртіптік комиссияның шешімімен мемлекеттік қызметшінің әдеп нормасын бұзғаны үшін қызметкерлердің бірі қызметіне толыққанды сәйкес еместігі туралы ескерту алды, екіншісіне ескертпе жасалды", - деп мәлімдеді тәртіптік кеңес қортындысын Алмас Әмзеев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1938696-telefonyn-tartyp-aldy-symkenttikter-bazar-aldynda-zangaq-satqan-azeige-tiisken-policeilerge-asulandy/