Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

22 жасында көпбалалы ана атанды: Түркістанда дүниеге үшем келді

Опубликовано:

егіз
Фото: Түркістан облысының әкімдігі

Түркістан облысының тұрғыны өмірге үшем әкелді. Осылайша, 22 жастағы келіншек бес баланың анасы атанды деп хабарлайды Түркістан облысының әкімдігінің баспасөз қызметі Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Түркістан облысының № 2 Облыстық перинаталдық орталығында 22 жастағы Гулмира Мирзаева үш қыз босанды.

Жаңа туған нәрестелерге Фотима, Зухра, Хадиса есімдері берілді.

Олардың салмағы 2200 гр, 2310гр, 1980 гр болған.

Мерзімінен ерте өмірге келген үшемдер периниталдық орталық дәрігерлерінің бақылауына алынды.

Медицина қызметкерлерінің көмегімен балалардың жағдайы тұрақты, үшемдер перзентханадан шығуға әзір.

Әкімдіктің мәліметінше, үшем дүниеге келген отбасының ұлы мен қызы бар.

"Көпбалалы ана үй шаруасында отырған әйел. Ал отағасы жеке кәсіпкер. Бұған дейін 2 баласы бар отбасының перзенттері осылайша бес балаға көбейді" делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1938764-22-zasynda-kopbalaly-ana-atandy-turkistanda-duniege-usem-keldi/

pixel