Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Алматыдағы рублевка": Мегаполистегі құны 3,5 млн доллар тұратын зәулім үй кімге тиесілі

Опубликовано:

Алматыдағы құны 1,5 млрд теңге тұратын үй
Алматыдағы құны 1,5 млрд теңге тұратын үй. Фото: YouTube/Два метра

Отандық блогер Әлішер Елікбаев Алматыдағы құны 3,5 млн доллар (1,5 млрд теңге) тұратын зәулім үйге шолу жасады. YouTube платформасындағы "Два метра" деп аталатын авторлық жобасында ол айрықша қымбат үйдің артықшылықтарын көрсетті.

Блогердің айтуынша, мұндай бағалы жылжымайтын мүлік "Крыша" секілді жалпы халыққа ортақ платформаларда сатылмайды. Олар сатып алушыларға жеке хат арқылы, жабық сатылымда хабарланады.

Алматыдағы коттедж қалашығында орналасқан бұл баспана сәулетші Константин Гаврюшенкоға тиесілі. Коттедж қалашығында барлығы 8 үй бар. Олардың ауданы 550 шаршы метрден басталады. Ең ауқымдысының ауданы 812 шаршы метрді құрайды екен.

Алматыдағы құны 1,5 млрд теңге тұратын үй
Алматыдағы құны 1,5 млрд теңге тұратын үй: YouTube/Два метра

Үйдің ауласында баспанамен жалғасып кететін автотұрақ орналасқан. Бір қызығы, автотұраққа апаратын жол толығымен жылынып тұрады. Яғни, қандай ауа райы болса да, көліктің дөңгелектері тұраққа құрғақ күйінде кіреді.

Алматыдағы құны 1,5 млрд теңге тұратын үй
Алматыдағы құны 1,5 млрд теңге тұратын үй: YouTube/Два метра

Аталған үй толығымен "ақылды технологиялар" негізінде жасалған. Тіпті есіктің өзі тұтқаның көмегінсіз ашыла береді. Сондай-ақ, үйде мүлдем терезе жоқ. Терезелердің орнына үйдің төбесіне үлкен тесіктер жасалған. Үй сол тесіктер арқылы желденіп тұрады. Алайда жауын жауып кетсе, олардың қақпағы өздігінен жабылып қалады.

Алматыдағы құны 1,5 млрд теңге тұратын үй
Алматыдағы құны 1,5 млрд теңге тұратын үй: YouTube/Два метра

Үй сәнді минимализм стилінде салынған. Онда төрт жатын бөлме, қонақ бөлме, асхана, үлкен кір жуатын бөлме, сауна, SPA, ұзындығы 21 метр болатын бассейн бар.

Алматыдағы құны 1,5 млрд теңге тұратын үй
Алматыдағы құны 1,5 млрд теңге тұратын үй: YouTube/Два метра

Үй иелерінің жатын бөлмесінің өзі бір бөлмелі пәтер секілді. Онда гардероб, жуынатын бөлме және кір жуып-үтіктейтін арнайы үш бөлме бар.

Алматыдағы құны 1,5 млрд теңге тұратын үй
Алматыдағы құны 1,5 млрд теңге тұратын үй. Фото: YouTube/Два метра

Сонымен бірге, баспанада адамның өмір сүруі үшін ыңғайлы барлық қажеттіліктер қарастырылған.

Алматыдағы құны 1,5 млрд теңге тұратын үй
Алматыдағы құны 1,5 млрд теңге тұратын үй. Фото: YouTube/Два метра

Тіпті сыртта қазан-ошақ, мангалдың бірнеше түрі, терраса, балкон да арнайы жасалған.

Алматыдағы құны 1,5 млрд теңге тұратын үй
Алматыдағы құны 1,5 млрд теңге тұратын үй. Фото: YouTube/Два метра

Үйдің жалпы аумағы 660 шаршы метрге тең. Ал биіктігі 3,3 метр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1938770-almatydagy-rublevka-megapolistegi-quny-35-mln-dollar-turatyn-zaulim-ui-kimge-tiesili/

pixel