Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

4-қабаттан құлаған: Қарағандыда адам өлімінен соң әкімдік қызметкері сотталды

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pixabay.com

Қарағандыда қалалық әкімдіктің шаруашылық меңгерушісіне үкім шықты. Ол "абайсызда жұмысшының өліміне әкеп соққан техника қауіпсіздігі ережелерін бұзу" бабы бойынша кінәлі деп танылды. Үкім Қазыбек би аудандық сотында оқылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

50 жастағы азаматқа қатысты қылмыстық іс Қазыбек би аудандық сотында қаралды. Іс сотқа процессуалды келісіммен келіп түсті.

"Сотталушы - 1971 жылы туған ер адам. Ол Қылмыстық кодекстің 156 бабы 3-бөлігі (Абайсызда адам өліміне әкеп соққан техника қауіпсіздігі ережелерін бұзу) бойынша кінәлі деп танылды. Оған екі жыл бас бостандығын шектеу жазасы бекітілді", - деп атап өтті сотта.

Еске салайық, осы жылдың сәуір айында ер адам Қарағанды әкімдігінің 4-қабатының терезесінен құлап көз жұмған еді. 37 жастағы азаматтың өліміне байланысты қызметтік тексеріс жүргізілді. Нәтижесінде жұмысшының өліміне техника қауіпіздігі ережелерінің сақталмауы себеп болғаны анықталды.

Комиссия жұмыс берушінің кінәсі 80 пайызды құрайды деген шешімге келді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1938822-4-qabattan-qulagan-qaragandyda-adam-oliminen-son-akimdik-qyzmetkeri-sottaldy/

pixel