Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қораға қамап, бір күн бойы сабады": Алматы облысының екі тұрғыны жанайқайын жеткізді

Опубликовано:

Кадр
Видеодан кадр: Nege.kz

Алматы облысының екі тұрғыны тәртіп сақшыларының әрекетіне шағымданып, президентке бейнеүндеу жасады. Бұған қатысты өңірдің полиция департаменті пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ауыл азаматтарының үндеуі Nege.kz Telegram-арнасында жарық көрді.

Кадрда Жамбыл ауданының екі тұрғыны Мадияр мен Сапарбек Әлібаевтар бейнеленген. Видеодан олардың бірінің басы мен сол аяғы бинтпен оралғанын, екіншісінің денесі көгергенін байқауға болады.

Тұрғындардың сөзіне сенсек, оларды жақында беделді мемлекет қайраткерінің туыстары ұрлап әкетіп, қораға қамап, 24 сағат бойы соққыға жыққан, артынша полицияға жеткізіп, ондағылар жасамаған қылмысты мойындату үшін ұрып-соғып, заңсыз қамап қойған. 

Алматы облысының полиция департаменті бұл жағдайға қатысты пікір білдіріп, ұрлыққа қатыстылардың қолға түскенін растады.

"57 бас жылқы ұрлау фактісі бойынша 2019 жылы Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 188-бабының 4-бөлігі 3-тармағы негізінде қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаймыз.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында аталған қылмысты жасады деген күдікке ілінген екі азамат ұсталды, олар кінәларын толық мойындады.

Сонымен қатар олардың осы қылмысқа қатыстылығы куәгерлердің жауабымен және істің басқа да материалдарымен расталды. Күдіктілердің екеуі де уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, сот біреуіне "қамаққа алу" шарасын, ал екіншісіне қатысты "кепіл" түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады", - делінген хабарламада.

Одан бөлек ведомство бейнеүндеуде шағымданған адамдардың заңсыз бас бостандығынан айырылғаны және зорлық-зомбылыққа тап болғаны туралы сөздерін тексеру үшін қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1938965-qoraga-qamap-bir-kun-boiy-sabady-almaty-oblysynyn-eki-turgyny-zanaiqaiyn-zetkizdi/

pixel