Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде параның орташа мөлшері қандай

Опубликовано:

сыбайлас жемқорлық
Көрнекі фото: egov.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік жемқорлық қылмыстарының статистикасын жариялап, қазіргі уақытта елімізде берілетін параның орта мөлшерін анықтады. Осы орайда заңсыз әрекетке баратын шенеуніктердің орта есеппен 1,2 миллион теңге алатыны белгілі болды.

"Еуразия бірінші арнасының" мәліметінше, елімізде жыл басынан бері 1,5 мыңға жуық сыбайлас жемқорлық фактісі тіркелген.

Оның ішінде 894-сі пара алу, 141-i қаржы жымқыру және 120-сы қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану фактісі.

Заң бұзушылықтардың басым бөлігі еліміздің екі ірі қаласы – Нұр-Сұлтан мен Алматыда, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысында тіркелген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік өкілдері қазақстандықтардың көбісі құқық қорғау саласының, жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ орталық органдар мен аумақтық бөлімшелердің қызметкерлерімен мәселелерді заңсыз шешуге тырысатынын атап өтті.

Қазірдің өзінде Қазақстанда сыбайлас жемқорлықтың салдарынан келген залалдың жалпы сомасы 9 миллиард теңгеден асқан.

Дегенмен бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда үш есе аз дейді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1939004-qazaqstandagy-paranyn-orta-molseri-qandai/

pixel