Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оралда белгіленбеген жерден жолды кесіп өтпек болған 10 жастағы қызды көлік қағып кетті

Опубликовано:

1
Фото: polisia.kz

26 қазан күні Оралда жол-көлік оқиғасы болып, 10 жастағы қыз көз жұмды деп хабарлайды Polisia.kz.

Құзырлы органның мәліметінше, 26 қазан күні сағат 10.00-де Toyota Prado көлігінің 47 жастағы жүргізушісі Кердері көшесімен келе жатып, белгіленбеген жерден жолды кесіп өтпек болған 10 жастағы қызды қағып кеткен.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жасөспірім түрлі жарақаттармен Орал қаласының облыстық көпбейінді ауруханасына жеткізілген. Алайда дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмаған.

Жүргізілген медициналық куәландыруға сәйкес, жүргізуші ішімдік ішпеген.

Қазір аталған фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Оқиғаның мән-жайын анықтау барысында жасөспірімнің дүкеннен үйіне жалғыз қайтып келе жатқаны белгілі болған.

Осы орайда БҚО полиция департаменті жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге жол ережесін қатаң сақтауды ескертеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1939025-oralda-belgilenbegen-zerden-zoldy-kesip-otpek-bolgan-10-zastagy-qyzdy-kolik-qagyp-ketti/

pixel