Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көлікте зорланғанын айтқан ақтаулық қыздың шағымы бойынша қылмыстық іс қозғалды

Опубликовано:

Зорлау
Көрнекі фото: goodhouse.ru

Ақтауда көлік жүргізушісі етегі түрілмеген қызды көлікте зорлап кеткен. Бұл туралы "НеМолчи.kz" қоғамдық қоры хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қоғамдық қордың мәліметінше, полицияға арыз түскенімен, тергеуші тағайындалмаған, жәбірленушінің киімдері айғақ зат ретінде алынбаған.

"Одан бөлек, күдікті де ұсталмаған, оқиға орнын тексермеген. Көлік айыппұл тұрағына қойылмаған, сараптама да тағайындалмаған. Тек кезекші ғана сот-медициналық сараптамасын жасату керектігін айтып, нұсқау берген және жәбірленушіден жауап алған", - деп жазды "НеМолчи.kz" қоғамдық қоры.

ҚазАқпарат бұл жайтқа қатысты Маңғыстау облыстық полиция департаменті пікір білдіргенін хабарлады.

"2021 жылы 26 қазанда Ақтау қаласы полиция басқармасына қыз бала танысының оның еркінен тыс жыныстық қатынасқа түскені туралы жазбаша арыз жазған. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 120-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу амалдары жүріп жатыр", - дейді полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1939179-aqtaulyq-boizetken-tanysy-kolikte-zorlaganyn-aityp-zanaiqaiyn-zetkizdi/

pixel