Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Боран мен қар: Алдағы үш күнге ауа райы болжамы жарияланды

Опубликовано:

Күз
Көрнекі сурет: pixabay.com

28-30 қазан күндеріне арналған ауа райы болжамын "Қазгидромет" РМК ресми сайтында назарға ұсынды.

Синоптиктердің болжамы бойынша, алдағы күндері Солтүстік циклон мен атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады.

Қар аралас жаңбыр жауып, жел күшейіп, еліміздің солтүстік және орталық аудандарында бұрқасын мен көктайғақ болады деп күтілуде.

28-29 қазанда оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жауын-шашын болуы ықтимал. Сондай-ақ, республика бойынша тұман түседі деп болжануда.

Батыста ауа температурасы түнде минус 5 градустан плюс 8 градусқа дейінгі аралықта құбылады, ал күндіз 5-15 градус жылы болмақ.

Солтүстік-батыс пен солтүстікте түнде 3-8 градус аяз болуы ықтимал, күндіз 0-10 градусқа дейін жылы болады.

Орталықта түнде 3-8 градус аралығында аяз болып, күндіз 0-13 градусқа дейін күн жылы болады.

Шығыста түнде 0-7 градусқа дейін аяз болып, күндіз 2-15 градусқа дейін жылы болмақ.

Оңтүстікте түнде 5 градусқа дейін аяз болуы ықтимал, күндіз 7-15 градус жылы болады.

Еліміздің оңтүстік-шығысында түнде 2-8-ден 0-5 градусқа дейінгі аралықта ауа температурасы жылы болады деп күтілуде, ал күндіз 7-18 градус аралығында жылы болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1939184-boran-men-qar-aldagy-us-kunge-aua-raiy-bolzamy-zariyalandy/

pixel