Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодардық әйел кішкентай жиенін бақтыру үшін ұлын оқудан шығарып алды

Опубликовано:

Көрнекі сурет
Көрнекі сурет: пикабу

Павлодар облысының Успен ауданында екі ай бойы сабаққа келмеген колледж студенті басшылықты алаңдатты. Кейін бозбаланың анасына көмектесу үшін сабаққа келмегені анықталған деп хабарлайды Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Успен ауданының полициясына колледж басшылығынан студенттердің бірі екі ай бойы себепсіз сабаққа қатыспайтыны туралы өтініш түскен.

"Істің барлық мән-жайын тексеру үшін аталған студентті, сондай- ақ Ақсу қаласында тұратын анасын анықтадық, - дейді Успен ауданының ювеналдық полиция аға инспекторы Дамира Букаева.

17 жастағы жасөспірімнің анасының айтуынша, бала егін жинаған шаруа қожалықтарының бірінің аумағында жұмыс істеген. Сондықтан сабаққа қатыспаған және сабаққа баруға уақыты жоқ екенін түсіндірді.

Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу және білім беру жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін ата-анасы ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, жасөспірім кішкентай жиеніне қарайтындықтан, оқу орнынан құжаттарды толығымен алып кететінін айтты.

Айта кетерлігі, ағымдағы жылы полицейлермен кәмелетке толмаған балаларды тиісінше тәрбиелемегені үшін 382 заңды өкіл әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1939242-pavlodardyq-aiel-kiskentai-zienin-baqtyru-usin-ulyn-oqudan-sygaryp-aldy/

pixel