RU
Оқыс оқиға
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

БАҚ: Рамзан Қадыровтың өкілі есірткімен ұсталды

Жарияланған күні:

Рамзан Қадыров1
Фото: Yelena Afonina\TASS via Getty Images

47News порталы Рамзан Қадыровтың өкілі есірткімен ұсталғанын хабарлады.

Оқиға 26 қазан күні болған. Санкт-Петербургтің полиция қызметкерлері Ислам Хизриевті ұстады және одан үш грамм есірткі психостимуляторын тәркіледі.

Алдын ала ақпарат бойынша, ол затты даркнет арқылы сатып алған. Медициналық куәландыру Хизриевтің қанында зат қалдықтарының бар екенін көрсетті.

Қылмыстық іс қозғалды. 38 жастағы Ислам Хизриев Шешен Республикасы ішкі істер министрінің бұрынғы орынбасары Апти Алаудиновтың кезінде күзетші қызметін атқарған. Қазіргі уақытта ол республиканың солтүстік-батыс федералды округіндегі өкілдігінің басшысы қызметін атқарады.

Естеріңізге сала кетейік, Рамзан Қадыров тағы да сайлаушылардың 99,7 пайызын жинап, жаңа мерзімге қайта сайланды. Шешен Республикасын 2007 жылдан бастап басқарады. Кейінірек оның қызы Айшаттың Шешенстанның Мәдениет министрлігінің басшысы болды. Бұрын ол мәдениет министрінің бірінші орынбасары қызметін атқарған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/1939252-baq-ramzan-qadyrovtyn-okili-esirtkimen-ustaldy/

Жарияланымға реакцияңыз?

Мұнда әзірге ешкім пікір қалдырмады Тағы да оқыңыздар

Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.

jitsu gif