Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бір күн бұрын жұмыстан кеткен: Талғарда жігітті қағып, ізін суытқан жүргізуші экс-полицей болып шықты

Опубликовано:

Полицей
Көрнекі фото: Алматы облыстық ПД баспасөз қызметі

Талғарда 18 жастағы жігітті қаққан жүргізуші бір күн бұрын жұмыстан кеткен полицей болып шықты. Қазіргі уақытта бұрынғы тәртіп сақшысы тұтқында отыр. Алматы облыстық полиция департаменті қылмыстық істі тергеу жұмыстары қатаң бақылауға алынғанын хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Аталған ақпарат әлеуметтік желіде пайда болды. Онда 18 жастағы Талғар тұрғынын қаққан Mercedes-Benz көлігінің рөлінде экс- полицей отырғаны айтылады.

"Адамды полиция қызметкері, дәлірек айтқанда, бұрынғы қызметкері қаққан. Ол жұмыстан 24 қазан күні кеткен. Ал жол апаты 25 қазан күні болған",- делінген жазбада.

Алматы облыстық полиция департаменті тараған ақпаратқа қатысты пікір білдірді. Ведомство 26 жастағы күдікті осыған дейін ішкі істер органдарында қызмет еткенін және өз еркімен жұмыстан кеткенін мәлімдеді.

"Жол апаты болған кезде күдікті полиция қызметкері болмаған, ол одан бұрын өз еркімен жұмыстан кету туралы рапорт жазған. Медициналық куәландыру нәтижелері оның мас күйде болмағанын көрсетті. Ал қанда алкогольдің бар-жоғын мұқият тексеретін сараптама әлі дайын емес. Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасына қатысты тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды",- деді ведомствода.

Өңірдің полиция департаменті қылмыстық істің қатаң бақылауда екеніне сендірді. Тергеу Қылмыстық кодекстің 345- бабы 3- бөлігі және 347- бабы (Абайсызда адам өліміне әкеп соққан ЖҚЕ бұзу және ЖКО орнын тастап кету) бойынша жалғасып жатыр.

Айта кетейік, осыған дейін Талғарда 18 жастағы жігітті көлік қағып кеткенін хабарлаған болатынбыз. Жол апаты көшедегі бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Ал көлік жүргізушісі оқиға орнынан бірден ізін суытқан. Көп ұзамай күдікті қолға түсті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1939290-bir-kun-buryn-zumystan-ketken-talgarda-zigitti-qagyp-izin-suytqan-zurgizusi-eks-policei-bolyp-syqty/

pixel