Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы қаласында құрылыс салу ережесі өзгерді

Опубликовано:

Нұр-Сұлтанда сұранысқа ие мамандықтар тізімі жарияланды
Көрнекі фото: piqsels.com

Еліміздің екінші мегаполисінде құрылыс салу ережесі өзгерді. Оған сәйкес, құрылыс компаниялары қаланың сәулеттік келбетін қалыптастыру және құрылысты жоспарлау қағидасын бұзбауы керек деп хабарлайды Хабар 24 арнасы.

Телеарна дерегінше, алдағы уақыттарда Алматыда тұрғын үй кешендері мен ғимараттардың арақашықтығы, биіктігі, ауаның өту жүйесі қатаң бақылауға алынады.

Егер де ескі үйлердің орнына жаңасы салынған жағдайда айналасындағы нысандардан биік болмауы міндетті. Осыған байланысты мегаполисте жүргізілетін құрылыс жобасы алдымен қоғамдық талқылаудан өтіп, бұған қатысты сол маңайдағы тұрғындардың да өтініш-пікірлері ескерілмек.

Осы орайда Алматы бас жоспар институты ғылыми-зерттеулер шеберханасының басшысы Жанат Айтілеу ережеде қандай өзгерістер болғанын тізіп берді.

"Егер тұрғын үй кешендері салынатын болса, жаңағы жерде мектебі бар, балабақшасы бар, медициналық мекемесі бар. Солардың бәрі халыққа жеткілікті болуы керек. Егер ондай жеткіліксіз болса құрылыс салуға болмайды. Қала құрылысы ережелері бар, соған байланысты құрылыс түрі ағаш егу, бау-бақша, саябақтар, парктер егу сол ережелерде көрсетілген. Соған байланысты 500 метр жерде қолжетімді жаяу баруға болатын жерлерде халық тұтынатын мекемелер, саябақтар, әрқайсынының нормалары бар", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1939310-almaty-qalasynda-qurylys-salu-erezesi-ozgerdi/

pixel