Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтан қаласының мектебінде шу шығарған блогер 10 тәулікке қамауға алынды

Опубликовано:

блогер
Фото: instagram.com/densaulik_

Нұр-Сұлтан қаласының әкімшілік істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты блогер Айна Бакееваны 10 тәулікке қамауға алу туралы үкім шығарды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі елордалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бакеева Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 434-бабы 1-бөлімімен кінәлі деп танылды.

Осылайша, соттың үкімімен 10 тәулікке қамауға алу түріндегі әкімшілік жазаға тартылды. Сот үкімін Шымкент қаласының полиция департаменті орындайды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, екі күн бұрын әлеуметтік желіде елордадағы мектептердің бірінде 3-сынып оқушысына дәретханада жасырын вакцина салынғаны туралы видео тараған болатын.

Кадрда олардың бірі өзін журналист ретінде таныстырса, екіншісі Қазақстандағы белгілі дәрігер Айна Бакеева екенін айтады.

Олардың сөзінше, видеода мектеп оқушысына ата-анасының рұқсатынсыз вакцина салып жатыр.

"Мен бұл дәрігерлерге сенбеймін. Олар рұқсатсыз вакцина салып жатыр", - дейді астаналық әйелдердің бірі.

Елордадағы білім басқармасының баспасөз қызметі NUR.KZ тілшісіне оқиғаның 5 қазан күні №58 мектеп-гимназиясында болғанын айтты.

Ведомствоның дерегінше, сол күні білім беру мекемесіне өзін балалардың ата-анасы ретінде таныстырған үш әйел келіп, директормен кездесуді сұраған. Вахтада тіркеуден өткеннен кейін олар маска тағу мен Ashyq қосымшасындағы статусын тексертуден бас тартқан.

Сондай-ақ, олардың арасында әлеуметтік желіде вакцинаға қатысты пікірін айтып жүрген дәрігер Айна Бакеева болған.

"Айна Бакеева мектеп аумағында шу шығарды. Бакеева және онымен бірге еріп келгендердің басты мақсаты - әлеуметтік желіде мектептерде балаларға мәжбүрлі түрде вакцина салып жатыр деп, дүрбелең тудыру.
Бакеева желідегі парақшасында дәретханада 3-сынып оқушысына екпе салғаны (баланың анасына сілтеме беріп-авт.) жайлы жалған ақпарат таратқан. Бұл мәлімет шындыққа жанаспайды. Мұны Н.У атты баланың анасы да растап отыр (оның үлкен баласы үшінші сыныпта оқиды- авт.)", - делінген ведомство хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1939329-nur-sultan-qalasynyn-mektebinde-su-sygargan-bloger-10-taulikke-qamauga-alyndy/

pixel