Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мусор тамақ": Белгілі маман баласына фри мен бургер беретін аналарды қатаң сынға алды

Опубликовано:

Көрнекі сурет
Көрнекі сурет: sfera.fm

Белгілі нутрициолог Талшын Артыққызы еліміздегі балалар денсаулығы үшін жаңа заң қажеттілігін айтып, үндеу жасады. Әсіресе, кішкентай балалардың фаст-фудқа құмарлығы маманның дабыл қағуына себепкер болған. Ол фри, бургер, нагеттер мен ірімшік таяқшаларын «мусор» тамақтардың қатарына қосты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

«Балалармен демалыста қыдырып, тамақтануға кірсең кез-келген ресторан, кафе, тамақтану орнында «детское меню - не детское» болып тұрады! Алып беретін зат таппайсың. Даяшыдан сұрасаң: фри, бургер, нагеттер, сырные палочки (кілең қуырылған тағам, кілең трансмай) дей жөнеледі.

Баланы қыдыртып, ойнатып, денсаулығын өз қолымызбен улап шығуымыз керек бе? Аналары да сол тағамдарды жегізіп отыра береді. Бүгін жай ғана қала көшелерімен жаяу жүргім келді. Таң қалдым. Фаст-фуд пен тез дайындалатын тағам желілері қаптап кеткен. Ел алдында жүрген блогерлер де соларды жарнамалап әлек», - дейді нутрициолог маман.

Осы орайда, Талшын Артыққызы ешкімнің бизнесінде, қалтасында шаруасы жоқ екенін айтады.

«Түсінем, бизнес. Жастарға қол жетімді және оңай. Бірақ мені қынжылтқан ол емес. Біреудің қалтасында нем бар. Қынжылтқаны - сол жерде кезекте тұрған балалар мен ата-аналар. Екі жасар балаға да фри мен бургер беріп отырғандарды көзім көрді. Мектеп жасындағы балалар да бургер мен дөнерге құмар.

Ал енді олардың денсаулығы қайда қалады? Фастуд-фуд дегеніңіз мусор тамақ. Онда пайдалы ештеңе жоқ. Небары екі жастағы баланың жап-жас ағзасына неге қиянат жасаймыз? Менің үнім жете ме, жетпей ме, білмеймін. Бірақ осындай тез дайын болатын, балаға зиян тағамдарды 14 жасқа дейінгі балаларға тыйым салу керек», - деп жанайқайын айтты маман.

Нутрициологтың айтуынша, қазіргі балалар арасында көп аурудың көбеюіне де фаст-фудтың әсері болуы мүмкін.

«Қазір елімізде шетінеп кететін бала көп. Аутизмге, аллергияга шалдыққандар көбейіп кеті. Неге төрт жасар баланың өті толған? Неге бес жасары бала семіздікке ұшырап, қант диабетімен ауырады? Неге онкологиялық аурулар көп? Әсіресе, асқазан, ішек жолдары мен бауырдан ауыратындар көп.

Темекі мен арақ қандай зиян болса, олар да дәл солай зиян! Блогерлерге де айтарым бар. Балаларға еш пайдасы жоқ фаст-фудты насихаттағанша, салауатты өмір салтын насихаттайық», - деді Талшын Артыққызы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1939376-musor-tamaq-belgili-maman-balasyna-fri-men-burger-beretin-analardy-qatan-synga-aldy/

pixel