Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда көлік айдау құқығынан айырылған жүргізушілерді анықтайтын қызмет іске қосылды (видео)

Опубликовано:

Видеодағы кадр
Видеодан алынған кадр: instagram.com/rustam.abdrakhmanov_

Алматы қаласында көлік айдау құқығынан айырылса да, көлік жүргізетін жүргізушілерді анықтауға мүмкіндік беретін қызмет іске қосылды. Бұл туралы қалалық полиция департаменті басшысының орынбасары Рустам Әбдірахманов Instagram-дағы ресми парақшасында хабарлады.

Әбдірахмановтың айтуынша, көлік құралын басқару құқығынан айырылса да, көлік тізгініне отырған жүргізушілерді іздеудің жаңа технологиясы полиция департаментінің Жедел басқару орталығында орнатылған және қалалық бейнебақылау жүйелеріне қосылған.

Полицияда іске қосылған жаңа қызмет жол ережесін бұзған көлік жүргізушісін бейнетіркеу жүйесі арқылы анықтағаннан кейін оны жедел ұстау және тоқтату үшін патрульдік жасақтарға деректерді беруге мүмкіндік береді.

Осы орайда Рустам Әбдірахманов бүгінде полиция адами факторды жойып, тәртіп бұзушыларды анықтауға, олардың заңсыз әрекеттерін есепке алуға және жауапкершілікке тартуға мүмкіндік беретін автоматтандырылған жүйелермен қамтамасыз етілгенін атап өтті.

Мәселен, жыл басынан бері Алматының полиция қызметкерлері көлікті мас күйінде басқарған 1500-ден аса (оның 245-і мас күйінде жол-көлік оқиғасын жасаған) жүргізушіні, одан бөлек, жүргізуші куәлігінен айырылса да, мас күйінде рөлге отырған 168 адамды анықтаған.

Сөз соныңда Әбдірахманов көлік кұралын басқару құқығынан айырыла отырып, көлік айдаған тұлға үшін қылмыстық жауапкершілік барын ескертті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1939403-almatyda-kolik-aidau-quqygynan-aiyrylgan-zurgizusilerdi-anyqtaityn-qyzmet-iske-qosyldy-video/