Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оқушыны тақтаның алдына шығарып "жазалаған" елордалық мектептің мұғалімі сөгіс алды

Опубликовано:

Қаламмен жазып жатыр
Көрнекі фото: Pexels.com

Белгілі журналист Ақбаян Сапарбаева Facebook-тегі парақшасында астаналық мектепте оқитын туған бауырын мұғалімі құлағынан бұрап, басынан ұратынын жазған болатын. Нұр-сұлтан қаласы білім басқармасы осы жайтқа қатысты мән-жайды анықтады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Елордалық білім басқармасының мәлімдеуінше, видеоға қатысы бар мұғалімге сөгіс берілді.

"Бұл мәселе Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңесте қаралып, сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолдану туралы шешім қабылданды", - дейді KAZ.NUR.KZ тілшісің сауалына Нұр-сұлтан қаласы білім басқармасы.

Еске сала кетейік, тележүргізуші Ақбаян Сапарбаева оқушы бауырын тақтаның алдына шығарып "жазалаған" педагогтың видеосын жариялағанын жазған едік. Ол әлеуметтік желідегі парақшасындағы жазбасында кез келген зорлық-зомбылыққа қарсы екенін жеткізді.

"Бұған дейін де мұғалім сызғыштың қырымен басынан әбден ұрғанын естігенмін! "Өзің бұзық болған шығарсың, дұрыс, ұстазды тыңдамасаң солай болады!"деп қойғанбыз! Бірақ оқушыны ұруды әдетке айналдыруға бола ма?!", - деп ашынды елордалық оқушының әпкесі.

Журналист жалпы ұстаздарға баланы ұрып-соғып тәрбиелеудің дұрыс емес екенін айтады.

Видеоны көрген желі қолданушылары пікір екіге жарылған. Кейбірі мұғалімнің әрекетін сынаса, енді бірі жақтап шыққан.

"Мұғалім ұрғаннан бала жаман болмайды. Құлағын тартып нұқығаннан кемтар болған ешкім жоқ... Талай таяқ жедік қой, сол тәртіптің арқасында адам болдық", - дейді Есенбек Санатұлы есімді желі қолданушысы.

Жазба авторын қолдап, баланың жағдайын түсінген оқырмандар да жеткілікті.

"Сыныптастарының алдында қорлауға болмайды ғой", - деп жазады олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1939436-oqusyny-taqtanyn-aldyna-sygaryp-zazalagan-elordalyq-mekteptin-mugalimi-sogis-aldy/

pixel