Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыда массаж салондарының бірінен жезөкшелер притоны анықталды

Опубликовано:

Аяқкиім мен кісен
Көрнекі фото: pixabay.com

Қарағандыда массаж салондарының бірінен жезөкшелер притоны анықталды. Оны ұйымдасқан қылмыстық топ ашқан, деп хабарлайды Polisia.kz.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Қарағандыда полицейлер қылмыстық топтың жолын кесті.

Аталмыш топ массаж салонында жезөкшелікпен және жеңгетайлықпен айналысуға арналған притон ұйымдастырған.

"Қарағанды қаласында ұзақ уақыт бойы криминалдық бизнеспен айналысқан тұлғалар анықталды. Олар әлеуметтік желілерде жарнама беріп отырған. Жалақының көп болатынын айтып, адамдарды алдаған. Кастингтер өткізген", – дейді Қарағанды облысы ПД КП аға жедел уәкілі Азамат Сыздықбеков.

Құзырлы органның дерегінше, притонды ұйымдастырушылар клиенттер үшін бағдарламаларын жиі жаңартып отырған. Жезөкшелерді іріктеу үшін олар арнайы кастингтер ұйымдастырып, қыздарға жоғары жалақы уәде еткен.

Ал кастингтен өткен қыздардың кейбірі жұмыстың шын мәнінде қандай екенін білсе де бас тартпаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1939456-qaragandyda-massaz-salondarynyn-birinen-zezokseler-pritony-anyqtaldy/

pixel