Коронавирус: Тағы бір облыс қайтадан "қызыл" аймаққа өтті
Опубликовано:

Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жаңарды. Оған сәйкес, Шығыс Қазақстан облысы "сары" аймақтан қайта "қызыл" аймаққа өтті деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК Telegram-дағы ресми арнасында.
29 қазандағы жағдай бойынша елімізде коронавирустың таралу көрсеткіші бойынша:
- "қызыл" аймақта-Қостанай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары.
- "сары" аймақта-Нұр-Сұлтан, Алматы қаласы мен Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Қызылорда облыстары.
- "жасыл" аймақта Шымкент қаласы мен Атырау, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстары тұр.
Айта кетсек, Қазақстанда өткен тәулікте тағы 1697 адамнан коронавирус анықталды. Жалпы ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 936 084-ге жетіп отыр.
Сонымен қатар, өткен тәулікте 2 141 адам COVID-19 инфекциясынан жазылып шыққан.
Қазір елімізде 48 742 адам коронавирустан емделуде, олардың ішінде 8 435 пациент стационарда, 40 307 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 587 адамның жағдайы ауыр, 154 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағалануда.
107 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1939512-koronavirus-tagy-bir-oblys-qaitadan-qyzyl-aimaqqa-otti/