Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысының экс-әкімі Болат Бақауов мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін қайтарып алды

Опубликовано:

Сотталған экс-әкім Болат Бақауов мәжбүрлі жұмыстан босатылды
Болат Бақауов. Фото: instagram.com/pavlodar_region

Бүгін Павлодар қалалық №2 сотында облыстың экс-әкімінің өтініші бойынша сот отырысы өтті. Сот отырысында Болат Бақауовтың шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды сұраудан бас тартқаны белгілі болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Сот отырысы басталардан бұрын сотқа Бақауовтан тағы бір өтініш келіп түсті. Хатта сот өндірісінде шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы материал бары көрсетілген. Онда: "Өтінішімді қайтарып алғанымды мәлімдеймін, материалды Павлодар қаласының пробация қызметіне қайтаруыңызды сұраймын" делінген", – дейді отырыс барысында Павлодар қалалық №2 сотының судьясы.

Еске сала кетейік, 2020 жылдың 15 қаңтарында Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовтың ұсталғаны жайлы ақпарат тарады.

16 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұған қатысты пікір білдіріп, 15 қаңтарда аймақ басшысына қатысты жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілгенін мәлімдеді.

17 қаңтарда Павлодардың тергеу соты Бақауовты екі айға қамауға алу туралы санкция берді.

Біраз уақыттан кейін экс-әкімге қатысты бұлтартпау шарасы өзгертіліп, ол үйқамаққа ауыстырылған еді. Бұған Болат Жұмабекұлының денсаулығының нашарлауы себеп болған.

2020 жылдың мамыр айында сот үкімі шығып, Болат Боқауовтың 3,5 жылға бас бостандығы шектелді. Ол өзінің қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланағанын мойындаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1939555-eks-akim-bolat-baqauov-merziminen-buryn-bosatu-turaly-otinisin-qaitaryp-aldy/

pixel