jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Сәке Қанатұлы
Сәке Қанатұлы
Бұрынғы қызметкер

"Бақылауды күшейттік": Қазақстанда енді жүргізуші куәлігін алу өзгере ме

Фото
Көрнекі фото: Patrul.kz

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте жүйені айналып өтіп, емтихан тапсырмай жүргізуші куәлігін алу "әдісін" анықтағанын мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бағдат Мусин соңғы рет 24 қазанда елордадағы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында болып, сыбайлас жемқорлық көріністерін анықтағанын жеткізді.

"Адамдарға теориялық және практикалық емтихандардан өтпей-ақ жүргізуші куәлігін берген. Бұндай жағдайлардың көп болмағаны түсінікті, бірақ біз болғанын білеміз. Өзім барлық процедурадан өтіп, жүйені айналып өтіп, емтихан тапсырмай жүргізуші куәлігін алуға болатындығын анықтадым. Қазір біз тиісті шаралар қабылдап жатырмыз", - деді Мусин.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі қазіргі уақытта бақылау күшейтілгенін атап өтті.

Оның сөзінше, теориялық емтихандарға кіре берісте биометриялық сәйкестендіруді орнату жоспарлануда.

"Біз бақылауды күшейттік, емтиханға кім кіретінін тексеру үшін қосымша адамдар тағайындадық. Алдағы уақытта... біз теориялық емтихандарға кіру үшін биометриялық сәйкестендіруді орнату қажеттігін түсіндік. Бұл практикалық емтихандарды тапсыру кезінде де қолданылады. Халық мемлекеттік қызметтерді жеңілдету - WhatsApp арқылы жүргізуші куәлігін ала салу немесе техникалық байқаудан өте салу үшін жасалмағанын түсінуі керек деп ойлаймын. Біз бұл міндеттерді цифрлық трансформация көмегімен шешуіміз керек, бірақ ол ешқандай оқыс оқиғаға әкелмеуі керек екені анық", - деді Мусин.

Осы орайда министр жолға шығу дағдыларын растамай, басқа адамдар мен өз өмірлері үшін қауіпті қызметті онлайн ала салуға болмайтынын жеткізді.

Сонымен қатар, оның сөзінге, ведомство ішкі істер министрлігімен бірлесіп іс-шаралар жоспарын әзірлеген..

"Бақылауды күшейттік": Қазақстанда енді жүргізуші куәлігін алу өзгере ме

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.