Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сана-сезімі төмен адамдар": Инспекторлар заңсыз аң аулайтындарды сипаттап берді

Опубликовано:

Көрнекі
Фото: Азаттық рухы

Алматы облысының инспекторлары ел азаматтарының табиғатқа мүлдем жаны ашымайтынын жеткізді. Олардың сөзінше, аң-құсты аямай, көрінгенін қыра беру – тікелей сана-сезімінің төмендігінен деп хабарлайды Азаттық рухы.

Басылым мәліметінше, Балқаш-Алакөл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы тек биылғы жылдың тоғыз айында мыңға жуық рейд жасаған.

Кезекті рет тексеріске шыққан инспекторлар жарты сағатқа жетпей үлкен ау тапқаны белгілі болды.

Жүздеген метр аудың су түбінде қанша уақыт жатқаны беймәлім.

Ауға түскен балықтар шіріп кеткен. Ұзындығы 170 км жететін көлдің түбінде қанша аудың құрылған қалпы қалып қойғанын білу де мүмкін емес.

Алматы облысы Полиция департаменті Жергілікті полиция басқармасы Табиғатты қорғау тобының аға инспекторы, полиция майоры Серік Байғозинов те ондаған келі балықтың бұлайша шіріп, іріп кетуі аудың көл түбінде ұзақ уақыттан бері жатқанын білдіретінін жеткізді.

Оның сөзінше, иесінде жауапкершілік жоқ. Заңсыз ау салған да, оны алмай тастап кеткен, дейді инспектор.

Бұдан бөлек, Қапшағай су қоймасының 16-резервінде заңмен тыйым салынған, моножіптен тоқылған аумен балық ұстап жүрген азамат ұсталған.

"Бұл жігіттің қайығы, аулаған балығы, құрған ауынан бастап бәрі сот қаулысы шыққанға дейін тәркіленеді. Біздің міндетке балық аулау, аң аулау, табиғатты қорғау жүктелген.

Алматы облысының аумағы үлкен, ал бізде әр ауданда тек бір инспектордан ғана келеді. Қарап үлгермейді. Браконьерлер жауапкершіліктен қашу мақсатында қарсы оқ атып, қашып кетуге тырысады. Олардың қаруы, техникасы су жаңа. Шама келгенше жұмыс атқарып жатырмыз.

Құрлықта да, суда да браконьерлердің саны көп. Бұған бірнеше адамның күші жетпейді. Материалдық базаны жақсартып, штатты көбейту керек. Кейбір азаматтарымыздың сана-сезімі төмен. Табиғатқа жаны ашымайды. Жыл сайын браконьерлердің саны көбеймесе азайып жатқан жоқ", - деді Серік Байғозинов.

Таулы-қыратты, ойлы-шұңқырлы қиын жерлермен кең даланы кезетін инспекторлардың саны да аз, көлік пен қайықтарының сапасы да төмен. Техниканың 90 пайызы тозған. Барконьерлерді ұстауға шамасы жетпейді. Инспекцияда 2005 жылы шыққан жеңіл қайықтар мен КМ маркалы катерлер бар. Олардың саны жиырма шақты, бәрі іске алғысыз. Автокөліктердің саны жиырмадан асақанмен, олардың барлығы ескірген. Браконьерлерді қууға шыққан қайықтың маторы қызып, ақыры көлдің ортасында қалады.

Тозығы жеткен қайықпен әупірімдеп жұмыс істеп жүрген инспекторлар жыл басынан бері браконьерлерден 10 мың келіге жуық балықты тартып алыпты.

"Бүгінгі күнге дейін инспекция қызметкерлері бақылайтын балық шаруашылығы су айдындары мен учаскелерінде заңсыз балық аулаудың жолын кесу мақсатында мыңға жуық рейдтік іс-шараларды өткізіп, балық шаруашылығы саласындағы табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың 400 фактісін анықтады. Тыйым салынған 183 дана аулау құралдары мен 19 жүзу құралдары мемлекеттің пайдасына тәркіленді. Құқық бұзғандарға 9 миллион теңгеге жуық айыппұл салынса, 6 млн 368 мың теңгесі (72%) өндірілді. Балық ресурстарына келтірілген шығынның көлемі 16 млн теңгеден асады. Қоршаған ортаға залалын тигізген 379 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың арасында 99 браконьерге қатысты іс материалдарын сотқа жолдадық. Бүгінгі күнге дейін 97 құқық бұзушыға қатысты соттың шешімі шығарылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Балық аулау ережелерін өрескел бұзғандары үшін құқық қорғау органдарының қызметкерлір 25 адамның үсінен қылмыстық іс қозғады. Іс-құжаттары бойынша 21 материал сотқа жеткенмен, 12 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды", - деді "Балқаш-Алакөл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының" басшысы Алмат Сүйінбаев.

Заңсыз ауланған балықтың құны немесе келтірілген шығын 100 айлық есептік көрсеткіштен асса автоматты түрде қылмыстық іс қозғалады. Қанша мың келі балық тәркіленіп, браконьерлердің үстінен қылмыстық іс қозғалғанмен, олардың ешбірін судьялар түрмеге қамамаған. Ары кетсе айыппұл салып, бас бостандығын шектейді. Заңның осалдығын білетін браконьерлер де бассыздыққа баруларын тоқтатпайды.

"Бір браконьердің өзі көлге шыққанда кемі 60 келі жоғары балықты аулайды. Бізде инспекция 46 адамнан тұрғанмен, іс жүзінде 25 адам көл, су айдындарын бақылауға шығады. Балқаш-Алакөл, Қапшағай сынды көлдерге, Іле өзенін бақылауға адам саны жетіспейді. Техниканың осалдығын өздеріңізде көрдіңіздер. Олардың 90 пайызы ескірген. Барконьерлерді ұстау қиындап барады. Сонымен қатар, балық аулаудың ережесін өрескел бұзғандары үшін 21 адамға қылмыстық іс қозғалды.

Қылмыстық кодекстің 335 бабына сәйкес бұндай барконьерлерді қамау, бас бостандығынан айыру қаралмаған. Айыппұл салып, ары кетсе бір жылдан бес жыл аралығында бас бостандығынан шектейді. Балық аулау саласы бойынша біздің тәжірибемізде браконьерлер сотталып, қамалған емес. Ал аң аулағаны үшін сотталғандар бар", - деді "Балқаш-Алакөл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы" РММ басшысының орынбасары Ринат Құмашов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1939644-sana-sezimi-tomen-adamdar-inspektorlar-zansyz-an-aulaityndardy-sipattap-berdi/

pixel