Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көлікті жарығын қоспай жүргізген ақтөбелік күтпеген жерден екі жылға сотталып кетті

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pixabay.com

Көліктің жарығын қоспай жол ережесін бұзған ақтөбелікті полиция қызметкерлері тоқтатқан. Тексеру кезінде ер адамның алкогольді сусын тұтынғаны және 10 жылға көлік басқару құқығынан айырылғаны анықталды. Нәтижесінде оны колонияға жіберді деп хабарлайды Диапазон.

Тәртіп сақшылары Ақтөбедегі ағайынды Жұбановтар мен Пожарский көшелерінің қиылысында тәртіп бұзғаны үшін Mercedes-Benz жеңіл көлігін тоқтатқан.

Жүргізушінің қозғалыс кезінде жарықты қоспағаны белгілі болды.

Алайда, тексеру кезінде 2017 жылы оның мас күйінде көлік басқарғаны үшін 10 жылға транспортты басқару құқығынан айырғаны анықталған.

Осыған қарамастан ақтөбелік 2018 жылы да мас күйінде көлік жүргізген.

Ер адам бұл әрекеті үшін қылмыстық бап бойынша жазаланып, қоғамдық жұмыстарға тартылған екен. Бірақ бұл 43 жастағы ер адамды тоқтатпаған көрінеді.

Ол тағы да жүргізуші куәлігінсіз автомобильді тізгіндеген. Тәртіпке бағынбаған ер адамның әрекетін қылмыстық жазамен аяқталды.

Сот ақтөбелікті 2 жылға бас бостандығынан айырды.

Сонымен қатар, темір торға тоғытылған ер адам өмір бойы көлік басқару құқығына ие емес.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1939736-kolikti-zarygyn-qospai-zurgizgen-aqtobelik-kutpegen-zerden-eki-zylga-sottalyp-ketti/

pixel