Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Артық кеттім, кешірім сұраймын": Түркістандық депутаттың әйелі қателігі үшін өкінетінін айтты

Опубликовано:

Іңкәр Сүлейменова
Фото: отбасылық мұрағаттан

Жақында БАҚ беттерінде Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Жансерік Мұсаханұлына қатысты даулы ақпарат пайда болды. Халық қалаулысының әйелі Іңкәр Сүлейменова елімізге танымал ток-шоулардың бірінде қонақ болып, отбасылық жағдайын жайып салған болатын. Арада көп уақыт өтпей Іңкәр журналистерге сұхбат берді. Ол өзінің қызбалыққа салынғанын айтып, халықтан кешірім сұрады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Іңкәрдың айтуынша, ол телеарна эфиріне шығу арқылы дұрыс жол табамын деп ойлаған. Алайда, кейін 18 жыл отасқан жарына кір келтіргенін түсініп, бұл жағдай үшін өкінетінін айтты.

«Мен қатты кеттім. Осы дұрыс жол, отбасымнан бөлек кеткенім дұрыс деп ойлаппын. Осы арқылы отбасыммен бөлек тұрамын деп ойладым. Өйткені, мен енеммен сөзге келіспей қалдым. Менің әу бастағы мақсатым – енемнен бөлек кету еді. Бірақ бұл қате екен. Мен бағдарламаға енемді айтамын деп барғанмын. Бірақ күйеуіме жала жауап кеттім.

Артық кеткенімді білдім. Кейін өзім күйеуімнен кешірім сұрап, «сені қалайда ақтап аламын» дедім. 18 жыл отастым, жанұя болған соң, мұндай жағдайлар әрбір отбасыда кездесіп тұрады. Халықты адастырғаным үшін әрбір отбасыдан кешірім сұраймын.

Менің бұл айтқандарым күйеуіме кедергі болмаса екен. Қатты қызбалыққа салынудың қажеті жоқ. Мұны мен өз еркіммен айтып отырмын. Қазір бізде бәрі жақсы. Күйеуімнен кешірім сұрадым», - дейді Іңкәр.

Айта кетелік, Іңкәрдің сұхбатынан соң Түркістан облыстық мәслихатының депутатына қысым көрсетіле бастаған.

Ал депутат болса, отбасылық жағдайлар ресми қызметке еш кедергі келтірмейді деп есептейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1939759-artyq-kettim-kesirim-suraimyn-turkistandyq-deputattyn-aieli-qateligi-usin-okinetinin-aitty/

pixel