"Күйеу баланың еден жуғаны дұрыс па?": Имам ел арасындағы даулы сұраққа жауап берді
Жарияланған күні:
Ел арасында "күйеу бала қабірге бармайды, жаназаға келмейді" деген пікір бар. Бұл пікірдің дұрыс-бұрыстығы әлі күнге дейін нақты анықталған жоқ. Осы орайда, дінтанушы Нұрлан қажы Байжігітов көптің көкейінде жүрген сауалға жауап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
"Күйеу бала жаназаға келмейді дегенді естіп жүрмін. Бұл негізі жаңсақ пікір. Қандай үйге де келін мен күйеу бала сырттан келеді ғой. Осыған байланысты, атам заманда күйеу баланы жау көріп, біреудің айтып кеткені шығар. Бүгінге дейін ауыздан ауызға осылай таралып жүргені де сондай әңгімелерден деп білемін.
Кейбір жерлерде күйеу балаға қайтыс болған адам жатқан бөлмені жудыртады деп те естідім. Бұл енді ұят. Күйеу балаға еден жуғызуға дені дұрыс адамдар рұқсат бермейтін шығар.
Айтпақшы, сөздің реті келгенде айтайын. Талай жаназаға қатысып жүрміз. Екі қабатты үй салып, зәулім үйден кетерінде бір бөлме бұйырмаған марқұмдады да көрдік. Қайтыс болған адамға үйдегі көп бөлмеден бір таза бөлме бермей, сарайға, тауық қораға жіберетіндер бар. Өмір бойы тыраштанып үй салып, кейін сол үйінен де шыға алмай кеткендерді көрдік. Сондықтан, өлімге, марқұмға құрметпен қараған дұрыс.
Ал күйеу баланың жаназаға қатыспайды дегені бос сөз", - дейді Нұрлан қажы.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1939831-kuieu-balanyn-eden-zugany-durys-pa-iman-el-arasyndagy-dauly-suraqqa-zauap-berdi/