Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда еңбек нарығында сұранысқа ие мамандық иелері кімдер

Опубликовано:

01.11.2021 жылға enbek.kz сайтының деректері
Фото: NUR.KZ

«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» (бұдан әрі - ЕРДО) АҚ мәліметінше, электрондық еңбек биржасында (enbek.kz) мұғалімдер мен білім беру саласындағы басқа да мамандарға сұраныс артқан, сондай-ақ от жағушылар, жүк тиеушілер, қара жұмысшылар мен тазалаушылар тапшы.

Мұғалімдер мен пеш жағушылар қажет

Электрондық еңбек биржасына (бұдан әрі - портал) 2021 жылдың қыркүйегінде 137,9 бос жұмыс орны (өткен айлармен салыстырғанда +22%) мен 62,2 мың түйіндеме (+8%) жүктелген. Оқу жылының басталуына байланысты жұмыс ұсыну саны жағынан көп ұсынысты білім беру саласындағы ұйымдар жүктеген.

«ЕРДО» АҚ атап өткендей, білім беру саласындағы мамандарға деген сұраныс тамыз айында артып, қыркүйекте 18 мыңнан астам бос жұмыс орны айқындалды. Бұл өсім білім берудің офлайн түрге көшуімен байланыстырады.

Бұдан бөлек, «ЕРДО» АҚ мәліметі бойынша, қазандық операторы, пеш жағушылар мен от жағушылар сияқты «суық кезең» жұмысшыларына деген маусымдық сұраныстың өсуі тіркелген. Бұл мамандықтар бойынша биржадағы жалпы қажеттілік қыркүйекте 3 мыңнан асқан.

Сондай-ақ ЕРДО сарапшылары мамандықтарға деген сұраныстарды талдағанда, күзетшілердің (504 түйіндеме және 2,3 мың бос жұмыс орны), жүргізушілердің (948 түйіндеме және 2 мың бос жұмыс орны), сонымен қатар тәрбиешілердің (1,3 мың түйіндеме және 2,3 мың бос жұмыс орны) жетіспеушілігі байқалған. Мамандық талап етілмейтін жұмыстар арасында қосалқы жұмысшылар, жүк тиеушілер, ас үй жұмысшылары және мектепті жинап тазалаушылар тапшы.

Дегенмен, бірқатар санат бойынша мамандардың көптігі байқалады. Білікті қызметкерлер арасында – заңгерлер (790 түйіндеме және 331 бос жұмыс орны), дене шынықтыру пәнінің мұғалімі (1,3 мың түйіндеме және 965 бос жұмыс орны), сондай-ақ қаржыгерлер (238 түйіндеме және 24 бос жұмыс орны). Біліктілікті талап етпейтін жұмыстар арасында вахтерлер мен елді мекендерді абаттандыру бойынша жұмысшылардың көптігі байқалады.

2021 жылдың қыркүйек айында порталға 300 мыңнан астам бірегей қолданушымен қаралып, сайт 13 миллион реттен астам қаралған.

Белсенділіктің артуы

Сонымен қатар, порталда белсенділіктің жылдам арту тенденциясы тіркелді, бұл елімізде Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының сәтті жүзеге асырылуына байланысты.

Оған себеп, қыркүйек айының басынан жұмыс іздеушілерде электрондық биржада «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Ұрпақтар келісімшарты» (тәлімгердің жетекшілігімен алғашқы жұмыс тәжірбиесін алуға, кейін жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді), «Алғашқы жұмыс орны» (жоғары оқу орындары мен колледж түлектеріне және білімі мен жұмыс тәжірбиесі жоқ жастарға арналған) сияқты жобаларға қатысу мүмкіндігі пайда болды. Бұдан бөлек, портал арқылы жастар практикасы, қоғамдық жұмыстар және әлеуметтік жұмыс орындары сияқты бағыттарына қатысуға болады. Мемлекеттің қолдауымен жұмысқа орналастыру мүмкіндігін қосу жұмыс берушілер тарапынан бос жұмыс орындарын көбірек жариялауға, ал жұмыс іздеушілердің түйіндемелерді көбірек жүктеуіне байланысты.

Порталдағы белсенділіктің артуы халық санағының басталуымен байланысты, мәселен оны жүргізу үшін пәтер аралауға интервьюерлерді жұмысқа алуға тура келді. Осыған орай, электрондық еңбек биржасында қыркүйек айында 7,8 мың бос жұмыс орны тіркелді.

Жарты миллионға жуық адам жұмысқа тұрды

Портал республика бойынша 2018 жылдан бастап іске асырылуда. Портал арқылы 492 мың адам жұмысқа орналасты.

Портал жұмыс істеп тұрған жылдарда оның қызметіне 484,5 мың жұмыс беруші жүгінген. Қазір биржада 115 мың белсенді бос жұмыс орны мен 73,9 мыңдай өзекті түйіндеме бар.

Қазақстандықтар жұмыс тауып қана қоймай, еңбек нарығында бәсекеге сай болуға көмектесетін мамандық алып шығу үшін 2021 жылдың 7 шілдесінде электрондық еңбек биржасында skills.enbek.kz порталы арқылы онлайн оқу мүмкіндігі пайда болды. Сарапшылар атап өткендей, портал халықаралық интернет-алаңқайларға ұқсас жасалған әрі онда ақылы және тегін онлайн-курстар қолжетімді. Оқу аяқталған соң тыңдаушыларға дағдыны меңгергендігі туралы ресми сертификат беріледі.

Қысқа мерзімді курс әзірлеушілер порталда автор ретінде тіркеле алады. Бүгінде skills.enbek.kz порталында 130-дай автор мен онлайн курс әзірлеуші курсқа қызығушы азаматтарға оқу бағдарламаларын ұсынуға дайын. Оның үстіне курс авторлары мен әзірлеушілер қазақстандық заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер, соның ішінде оқу орталықтары мен білім беру ұйымдары да бар.

Авторлар порталға онлайн курсты тегін жүктейді.

Портал іске қосылғалы бері тіркелген қолданушылар саны 10 мың адамнан асты. Қазан айының басында 6 542 адам сертификат алды. Порталда 89 курс болса, соның 50-і тегін. Курстар 20 кәсіби сала бойынша әзірленген, соның ішінде басым бағыттар: ауылшаруашылығы, тұру және тамақтану, өндіріс, жеке қызмет пен сервис, әлеуметтік қызмет көрсету.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1939898-qazaqstanda-enbek-narygynda-suranysqa-ie-mamandyq-ieleri-kimder/

pixel