jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Қараша айында Қазақстанда ауа райы қандай болады

Көрнекі
Көрнекі фото: pixabay.com

"Қазгидромет" РМК өкілдері қараша айына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бірінші онкүндіктің басында Қазақстанның солтүстігінде, шығысында және орталығында, 3 қарашадан бастап еліміздің оңтүстік өңірлерінде, онкүндіктің соңында республиканың солтүстік-батыс жартысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр мен қар түрінде түсетін жауын-шашын, тұман, көктайғақ, желдің күшеюі (солтүстік жартысында бұрқасын болуы ықтимал) күтіледі.

3-4 қарашада батыс аймақтарды қоспағанда, республиканың басым бөлігінде ауа температурасы төмендеп, аязды, нағыз қысқы ауа райы болады:

  • Қазақстанның батысында түнде 0,+8°С-тан -5+2°С-қа дейін, күндіз +10+18°С-тан 0,+10°С-қа дейін;
  • елдің солтүстік-батыс жартысында, орталығында және шығысында түнде -5+5°С-тан -5-15°С-қа дейін, қиыр шығыста -20°С-қа дейін, күндіз +2+8°С-тан -3-10°С-қа дейін;
  • оңтүстікте және оңтүстік-шығыста түнде -3+5°С-тан -1-13°С-қа дейін, күндіз +10+16°С-тан -5+3°С-қа дейін температураның ауытқуы күтіледі.

Бірақ бірінші онкүндіктің ортасынан бастап температура фоны біртіндеп жоғарылайды деп күтілуде.

Екінші онкүндіктің бірінші жартысында Қазақстанның басым бөлігінде солтүстік-батыс циклонның әсерінен тұрақсыз ауа райы күтіледі: екпінді жел соғып, бұрқасын болып, қайтадан жауын-шашын (көбінесе қар түрінде) жаууы ықтимал.

Екінші онкүндіктің соңы мен үшінші онкүндіктің басында және соңында температура төмендеуі мүмкін.

Республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында және орталығында ең суық күндері термометр бағанасы түнде -17-25°С-қа дейін, күндіз -8-13°С-қа дейін, ал елдің батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында түнде -5-17°С-қа дейін, күндіз -2-7°С-қа дейін түсуі мүмкін.

Күндізгі уақытта елдің солтүстік жартысында аяздың әлсіреуінен ауа температурасы аздап көтеріледі, оңтүстік жартысында ауа температурасы +3+12°С-қа дейін жоғарылайды.

Қараша айында Қазақстанда ауа райы қандай болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.