Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Арнайы операция: АШМ мен әкімдік өкілдері қылмыстық топ құрды деген күдікке ілінді

Опубликовано:

Қаражат
Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі еліміздің түрлі өңірлерінде, сондай-ақ Нұр- Сұлтан мен Шымкентте ауқымды арнайы операцияны өткізу себебін түсіндірді. Олар Ауыл шаруашылығы министрлігінің бөлімшелері мен ұйымдарынан құрылған қылмыстық топтардың қызметін тоқтатты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының көмекшісі Шыңғыс Әлікешев хабарлағандай, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ауқымды арнайы операцияның нәтижесінде ауыл шаруашылығы министрлігінің ведомстволық бағынысты бөлімшелері мен ұйымдары, сондай-ақ Нұр-Сұлтан, Шымкент, Ақмола, Түркістан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Атырау және Ақтөбе облыстары әкімдігі өкілдерінен құрылған қылмыстық топтардың қызметінің жолын кесті.

"Олар субсидиялау үшін бөлінген бюджет қаражатын ұрлаумен айналысқан, сондай-ақ кәсіпкерлерден жүйелі түрде пара алу мен заңсыз сыйақы алудың сыбайлас жемқорлық схемасын ұйымдастырған деген күдікке ілінді.

Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізілуде, заттай дәлелдемелер алынды, 30-дан астам адам анықталды. Олардың көпшілігі қазірдің өзінде өз кінәсін мойындап, тергеуге көмек беруге келісті. Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді", - деді сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.

Айта кетейік, осыған дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қазақстандағы ауқымды арнайы операция жайлы хабарлаған еді. Алайда, істің мән-жайына байланысты ақпарат жария етілмеген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1939997-arnaiy-operaciya-asm-men-akimdik-okilderi-qylmystyq-top-qurdy-degen-kudikke-ilindi/

pixel