Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қытай 650 мың доллар берді": Жақсыбек Құлекеев ең алғашқы халық санағы туралы айтты

Опубликовано:

Жақсыбек Құлекеев, Есен Елеукен
Жақсыбек Құлекеев, Есен Елеукен. Фото: YouTube

Мемлекет қайраткері, ғалым, экономика ғылымдарының кандидаты Жақсыбек Құлекеев Есен Елеукен Youtube арнасындағы подкаст қонағы болып, елімізде өткен алғашқы санақ кезіндегі қиындықтар, тәуелсіздік жылдарындағы ел экономикасы туралы әңгіме өрбітті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Мемлекеттік маңызы бар салаларда жауапты қызмет атқарып, экономика және есеп, білім және ғылым министрліктерін басқарған қайраткер 2009 жылғы халық санағын еске алды.

"Мемлекетіміздегі тұңғыш санақ жүргізу кезінде заман қиын болғандықтан, кризиске ұрынып жатқаннан кейін, мен сол статистикалық ведомствоның басшысы ретінде көптеген халықаралық ұйымдарға техникалық жәрдем беріп, көмектесіңіздер деген өтініш жасадым.

Соның арқасында БҰҰ-ның статистикалық департаментінен, қателеспесем, 150 мың доллардың шамасында техникалық жәрдем алдық. Олар ақшалай бермейді, бірақ, техникасын берді. Компьютерлерін берді, басқасын берді дегендей.

Корей елінен алдық, Оңтүстік Кореядан жиырма мың доллардай, ең үлкен қаражатты, техникалық жәрдемді Қытайдан алдық. Оның өзі ойламаған жерден болып қалды. Құдайдың берген сыйы сияқты болды біздер үшін.

Мен жұмыста отырып сол кезде үкімет басшысы болған Балғынбаев Қытайға сапармен бара жатқанын естіп қалдым. Сосын, арнайы келіп, өтініш жасадым.

"Бізде қаражаттың жетіспеуіне байланысты керек заттарымызды ала алмай отырмыз. Ертең санақты жүргізсек те, үлкен проблемалар болайын деп тұр. Сондықтан, сіз Қытайдың үкіметінен техникалық жәрдем сұраңызшы. Деталін өзіміз солармен келісіп, анықтап аламыз не керек екенін. Керек нәрселер бізге: көмектесе алатын болса, компьютер сұраңыз, принтерлер сұрайық, қағаздарды сақтайтын папкалар керек, қарындаштар керек, өшіргіштер керек", - дедім.

Осындай нәрселер сұрап жатқанымыз. Балғынбаев барып, Қытайдың үкімет басшысынан техникалық жәрдем сұрап еді, олар бізге 650 мың долларға техникалық жәрдем берді. Әр сканердің құны шамамен 100 мың доллардай тұрады", - дейді Жақсыбек Құлекеев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1940002-qytai-650-myn-dollar-berdi-zaqsybek-qulekeev-en-algasqy-xalyq-sanagy-turaly-aitty/

pixel