Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус: Қазақстанның тағы бір өңірі "жасыл" аймаққа өтті

Опубликовано:

Көшедегі адамдар
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға қатысты соңғы деректер жаңарды. Оған сәйкес, Ақтөбе облысы "сары" аймақтан "жасыл" аймаққа өтті, деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК Telegram каналы.

2 қарашадағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы келесідей:

  • "қызыл" аймақта Қостанай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары;
  • "сары" аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Қарағанды, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстары;
  • "жасыл" аймақта Шымкент қаласы, Ақтөбе, Атырау, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстары тұр.

Еске сала кетсек, өткен тәулікте 1181 қазақстандықтан COVID-19 анықталған болатын. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 941 793-ке жетіп отыр.

Сонымен қатар, 1853 адам дерттен сауығып шыққан.

2 қарашадағы мәлімет бойынша 45 777 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, оның ішінде 8 268 пациент стационарда, 37 509 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Жалпы, 540 адамның жағдайы ауыр, 171 пациенттің жағдайы өте ауыр, 110 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1940044-koronavirus-qazaqstannyn-tagy-bir-oniri-zasyl-aimaqqa-otti/

pixel