Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

15 қарашадан бастап жеті автожолда ақылы жүйе іске қосылады

Опубликовано:

Көлік терминалы
Көрнекі фото: gettyimages.com / blinow61

15 қарашадан бастап Қазақстанда 7 автожолда ақылы жүйе іске қосылады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "ҚазАвтоЖол"ҰК" АҚ-на сілтеме жасап.

"7 жаңа ақылы учаскені пайдалануға енгізу туралы бұйрық жобаларына қол қойылды және Әділет министрлігінде тіркелуде. Бірінші техникалық санаттағы учаскелердегі ақылы жүйені 2021 жылғы 15 қарашадан бастап енгізу жоспарлануда. Бұл ретте осы учаскелер биығы 1 қазаннан тестілік пайдалануға берілген болатын" , - делінген компания ақпаратында.

Ақылы жүйе іске қосылатын автожолдар:

  • Нұр-Сұлтан – Павлодар;
  • Шымкент – Өзбекстан шекарасы (Ташкентке);
  • Щучинск - Көкшетау;
  • Қапшағай – Талдықорған;
  • Шымкент – Тараз;
  • Тараз – Қайнар;
  • Шымкент – Қызылорда.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірлесіп аталған трассаларда ақы алудың "ашық" жүйесін енгізу шешімі қабылданған.

"Бұл жүйе ақылы учаскелерде шлагбаумдардың мүлде болмауымен ерекшеленеді. Автомобильдердің өтуі арнайы камералар мен жабдықтардың көмегімен бақылау аркаларына бекітілетін болады. "Ашық" жүйенің басты артықшылығы жолдарда кептеліс/кезектң болмауына байланысты автомобильдердің жылдамдық режимін сақтауы болып табылады (шлагбаум жүйесімен салыстырғанда)" , - деді "ҚазАвтоЖол" өкілдері.

Автокөліктің мемлекеттік нөміріне шотты толтырудың 20-дан астам нұсқасы қарастырылған:

  • QAJ mobile (мобильді қосымша);
  • Kaspi.kz; - Kiwi-әмиян;
  • Forte Bank және т.б.

Айта кетейік, 2013 жылдан бастап I санаттағы ақылы учаскелер бойынша жол жүру ақысы өзгерген жоқ (Нұр-Сұлтан - Щучинск бірінші ақылы учаскесі енгізілген сәттен бастап) және өзгеріссіз күйінде қала бермек.

"Бұдан басқа, қазіргі уақытта "ҚазжолҒЗИ" АҚ" қолданыстағы тарифтерден едәуір төмен болатын II және III санаттағы жолдар үшін тарифті айқындау әдістемесін әзірледі. Бұл нормативтік құжат "Атамекен" ҰКП мен құзырлы қауымдастықтардың келісуінде" , - деді компаниядан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1940061-15-qarasadan-bastap-zeti-avtozolda-aqyly-zuie-iske-qosylady/

pixel