Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Белгілі журналист әкімді мақтап ақылы пост жазуды ұсынған әріптесі туралы айтты

Опубликовано:

Руслан
Фото: Facebook/Руслан Жылқыбай

Отандық белгілі журналист Руслан Жылқыбай өзі сыйлап келген әріптесінен көңілі қалғанын жеткізді. БАҚ өкілі халыққа қызмет етіп жүрген әкімдерді "ақшаға" мақтауға қарсы екенін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Руслан Жылқыбай желідегі парақшасында жазба жариялап, әріптестеріне ой салды.

"Сыйласып жүрген бір жігіт "әкімді мақтап пост жазуға қалай қарайсың?", - деп қоңырау шалды. Ұсыныс айтып тұрған азамат та мен сияқты журналист. "Реке, әр постыңа пәленше теңге алып отырасың. Нең кетті, келіссеңші, бауырым" деген сөзінен соң өзім кейін хабарласатынымды айтып, тұтқаны қойдым да нөмірін контактілер тізімінен өшіріп тастадым. Дәл сол әріптестің осылай айтатыны үш емес, отыз рет ұйықтасам да түсіме кірмейтін сияқты еді", - дейді ол.

Журналист әріптестеріне әкім мен министрлерді жамандауға шақырмайтынын, алайда олардың жұмысын әсіре мақтауды құптамайтынын айтады.

"Әкім мен министрді жаманда демеймін. Бірақ мақтай беруге де қарсымын. Олар тегін жұмыс істеп жатқан жоқ. Халыққа қызмет ету - міндеті бәрінің. Өмірінің соңына дейін мамандығына адал болған Нұртілеу, Бейсен ағаларды сағынасың осындайда. Өкінішті...", - деп жазды Руслан Жылқыбай.

Желі қолданушылары жазба авторына қолдау білдіріп, ақшаны ардан жоғары қоймағаны үшін риза болды.

"Дұрыс, арды ақшаға сатпау керек", "Ар-ұяттан аттауға болмайды. ақиқатын айту керек", "Бәрекелді! Дүние қолдың кірі", - деп жазды пікір білдірушілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1940079-belgili-zurnalist-akimdi-maqtap-aqyly-post-zazudy-usyngan-ariptesi-turaly-aitty/

pixel