Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау тұрғыны әйелді аңдып, балтамен шабуылдаған: 4 полицей істі болды

Опубликовано:

зорлық-зомбылық
Көрнекі фото: pixabay.com

Атырау қаласының №2 сотында 4 полицейге қатысты процесс басталды. Оларға ауыр қылмысты жасырды деген айып тағылып отыр. Сотталушылар қатарында учаскелік полицейлер, жедел уәкіл және тергеуші бар, деп хабарлайды "Ақ Жайық".

Осыған дейін 36 жастағы азамат үш баланың анасын аңдып, балтамен шабуыл жасағаны, кейінірек қыздарының көзінше өз-өзіне қол жұмсағаны хабарланған еді.

Келіншек бірнеше рет полицейлерге жүгінген, алайда ер адам бостандықта қала берген. Енді аталған жайтты біле тұра әрекетсіздік танытқан 4 полицейге қатысты тергеу жұмыстары басталды.

Атап айтқанда, екі учаскелік инспекторға Қылмыстық кодекстің 370-бабы 4-бөлімі 1-тармағы (қызмет бойынша ауыр зардаптарға әкеп соққан әрекетсіздік), жедел уәкілге және тергеушіге 433-бабы 3-бөлігі 1, 2-тармақтары (адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша ауыр зардаптарға әкеп соққан қылмыстық құқықбұзушылықты жасыруы) бойынша айып тағылды.

Полицияға марқұмның үстінен бірнеше арыз түскен, ал азамат тек бір рет әкімшілік жазаға тартылып, екі тәулікке қамауға алынған. Жемқорлыққа қарсы қызметкерлер тергеу кезінде полицейлер келіншекті арыз жазудан бас тартуға, тіпті, бейнежазба түсіруге мәжбүрлегенін анықтады.

Ақырында 20 сәуір күні ер адам әйелдің пәтеріне кіріп, оған балтамен шабуыл жасап, артынша өзіне қол жұмсаған. Зардап шеккен келіншек ғажайыптың күшімен аман қалды, бірақ ұзақ емдеу курсынан өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1940081-atyrau-turgyny-aieldi-andyp-baltamen-sabuyldagan-4-policei-isti-boldy/

pixel