Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

10 жасар қыз 70-тегі шалға тұрмысқа шықпақ: Ауғанстанда кедейлер қызын сатып жатыр

Жарияланған күні:

Парвана Малик әкесімен
Парвана Малик әкесімен. Фото: CNN

Ауғанстанда кедейлер аштықтан аман қалу үшін қызын сата бастады, деп хабарлайды CNN.

Тоғыз жасар Парвана Малик отбасымен бірге Бадгис провинциясындағы жер аударылған адамдар лагерінде тұрады. Көп ұзамай ол 55 жастағы ер адамға қалыңдық ретінде сатылады.

Қыздың отбасы бұрыннан бай-қуатты болмаған, алайда тәліптер (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) Ауғанстан билігіне келіп, экономика құлдыраған соң олардың жағдайы қиындай түскен.

Абдул Малик 12 жастағы қызын да бірнеше ай бұрын сатып жіберген. Ал қазір жанұяда олардан басқа сегіз адам бар.

Бастапқыда ол Парвананы саудалағысы келмепті. Сол үшін күндіз-түні сабылып жұмыс іздеп, туыстарынан қарызға ақша алған екен. Ал әйелі қайыршылық еткен.

Жұмыс таппаған Абдул Малик қазір өзін ұяттан жерге кірердей сезінуде. Ал Парвана үшін берілетін ақша жанұяға бірнеше айға жетеді.

Бұл Ауғанстанда мұндай ауыр қадамға барып отырған жалғыз жанұя емес. Әсіресе, қыс жақындаған сайын елде "қыз саудасы" қызып жатыр.

Мәселен, Гор провинциясында тұратын 10 жастағы Магульдің де тағдыры Парванаға ұқсас. Оның жанұясы 2200 доллар қарызға алған, қазір әкесі түрмеге жабылу алдында тұр. Енді жанұясын аман алып қалу үшін Магуль 70 жастағы шалдың қалыңдығы атанбақ.

Айта кетейік, жақында БҰҰ миллиондаған ауған қыста аштыққа ұшырайтынын ескерткен еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1940109-10-zasar-qyz-70-tegi-salga-turmysqa-syqpaq-auganstanda-kedeiler-qyzyn-satyp-zatqany-ras-pa/