Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңғыстауда ер адам қайын жұртынан 1 млн 600 мың теңге көлеміндегі қалыңмалды қайтаруды талап етті

Опубликовано:

ақша
Фото: NUR.KZ

Маңғыстау облыстық сотында оғаш азаматтық іс қаралды. Ажырасқан ер адам қайын жұртынан өзі берген қалыңмалын қайтаруды талап етіп, арыз түсірген деп жазады exk.kz сайты.

Маңғыстаулық азамат шағымында қайын жұртынан қалыңмал ретінде берген 1 615 000 теңге көлеміндегі қаражатты, гауһар тасты алтын әшекейлер мен екі кілемін қайтаруды талап еткен.

Арызданушы ер адам жауапкер тарапынан өзіне мүліктік зиян келтіргені жөнінде сотқа дәлел келтіре алмаған. Оның үстіне қалыңмал беру - халық дәстүрі, мұндай жағдайда сыйға берілген заттарды қайтаруды талап ету қазіргі заңнамада қарастырылмаған. Яғни екі тарап арасында қандай да бір заңды міндеттемелер жоқ.

Жоғарыда аталған жайттарға сай, бірінші инстанция соты ер адамның шағымын қанағаттандырмаған. Алайда бұл шешім арыз берушінің ойлағанындай болмай шыққандықтан, ол аппеляцияға қайта шағымданған.

Сот алқасы да арызданушы азаматтың апелляциялық шағымын қанағаттандырмай, сот шешімін өзгеріссіз қалдырған.

Айта кетейік, бұған дейін дәл осындай азаматтық іс Теміртау қалалық сотында да қаралғанын жазған едік. Ерлі-зайыптылар ажырасып кеткеннен кейін бір-бірін сотқа беріп, қалыңмал мен жасауды қайтарып алғысы келген.

Алдымен сотқа жасауды қайтаруды талап еткен әйел шағымданған. Бұл шағым татуластырушы-судьяға жолданғанымен, екі тарап та мәселені бейбіт жолмен шешуден бас тартқан.

Оның үстіне, істі қарау кезінде арызданушының бұрынғы күйеуі де қалыңмалды қайтару туралы қарсы талап қойғаны белгілі болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1940159-mangystauda-azyrasqan-er-adam-qaiyn-zurtynan-1-mln-600-tenge-kolemindegi-qalynmaldy-qaitarudy-talap-etti/

pixel