jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Нигерия азаматымен бас қосқан атыраулық ару күйеуіне қазақ тілін үйретуде (видео)

Зайда Жаңабаева
Видеодан кадр: Instagram/5rochka

Нигерия азаматымен бас қосқан Зайда Жаңабаева күйеуіне қазақ тілін үйретуде, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Instagram желісінде жариялаған видеосында атыраулық ару жарына қазақ тілінде сөз жасырады, ал ол өз кезегінде сөздерді қайталап, оның мағынасын табуы қажет.

Зайда жұбайынан "көлеңке", "қолтық", "тырнақ", "кітап" және "жапырақ" деген сөздерді қайталап, аудармасын сұрайды. Нигериялық күйеу бала бір сөзді де дәл таппаса да, әңгіме барысында қазақ тіліндегі соған ұқсас басқа сөздерді есіне алады.

Желі қолданушыларына ерлі-зайыптылардың осы форматтағы видеолары ұнап қалған. Олар Зайда Жаңабаеваның ағылшын тілін жоғары деңгейде білетініне таңдай қақты.

"Сіздер өте әдемі жұпсыздар! Оның сізге көзқарасынан сізді қаншалықты сүйетінін айтпай-ақ түсінуге болады. Осындай қызықты, әрі өзіне де пайдалы видеоларды жиі жариялап тұрыңыздар", "Әдемі көрініс, ағылшын тілінде өте жақсы сөйлейсіз", "Сіздің English өте керемет, құпия болмаса мұғаліміңіз кім? Қызымыз екеуміз сіздің жанкүйеріңізбіз", - деп жазды желі қолданушылары жастарға.

Айта кетейік, атыраулық бойжеткеннің нигериялық азаматқа тұрмысқа шығуы желіде қызу талқыланған болатын. Алайда Зайда Жаңабаева ешбір сынға мән бермейтінін жеткізді.

Нигерия азаматымен бас қосқан атыраулық ару күйеуіне қазақ тілін үйретуде (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.