Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жаңа ереже": Қандай жағдайда Қазақстан азаматтары АҚШ аумағына кіре алады

Опубликовано:

АҚШ туы
Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстандықтар барлығы бірдей АҚШ-қа кіре алмайды. Еліміздің сыртқы істер министрлігі шетел азаматтарының АҚШ-қа кіруіне қатысты жаңа ережені жария етті.

"Қазақстанның сыртқы істер министрлігіне дипломатиялық арналар арқылы келіп түскен ақпаратқа сәйкес, 2021 жылғы 8 қарашадан бастап АҚШ-тың Азық-түлік пен дәрі-дәрмектердің сапасы бойынша санитарлық қадағалау басқарамасы немесе ДДСҰ мақұлдаған препараттармен COVID-19-ға қарсы вакцинациялауды растайтын сертификаты (паспорты) бар адамдарға ғана АҚШ аумағына кіруге рұқсат етіледі", – делінген министрліктің ресми хабарламасында.

Бекітілген тізімге Pfizer-BioNTech, Moderna, Johnson&Johnson, AstraZeneca, Covishield, BIBP/Sinopharm, Sinovac сияқты вакциналар кіреді.

Ведомствоның мәліметінше, аталған сертификаттар вакцинацияға жауапты мемлекеттік орган бекіткен нұсқа бойынша ресімделуі тиіс. Бұл құжаттардың түпнұсқалығын әуе компаниясының қызметкерлері АҚШ-қа ұшқанға дейін тіркеу кезінде тексереді.

"Сонымен қатар, жаңа талаптар 18 жасқа дейінгі балаларға, вакцинациялауға қарсы көрсетілімдері бар адамдарға, сондай-ақ дипломатиялық, қызметтік және транзиттік санаттағы визалары бар мемлекеттік қызметшілерге немесе олардың отбасы мүшелеріне және халықаралық ұйымдардың қызметкерлеріне қолданылмайды", – дейді сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1940286-qazaqstandyqtardyn-aqs-aumagyna-kiru-erezesi-ozgerdi/

pixel