Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай рақымшылыққа кімдер ілінеді

Жарияланған күні:

Түрмеде
Көрнекі фото: pixabay.com

Мәжіліс депутаттары палатаның жалпы отырысында "Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы" заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ішкі істер минстрі Ерлан Тұрғымбаев заң жобасының мақсаты - аса ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар үшін жазаны өтеуден босату, сондай-ақ кейбір ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін жазаның өтелмеген мерзімін қысқарту екенін хабарлады.

"Рақымшылық ардагерлерге, кәмелетке толмағандарға, егде жастағы азаматтарға, 1-2 топтағы мүгедектерге және азаматтар мен мемлекеттің қауіпсіздігіне қауіп төндірмейтін басқа адамдарға қолданылады", - деп толықтырды министр.

Тұрғымбаевтың сөзінше, елімізде 64 мекеме мен 16 тергеу изоляторында 34 мыңнан астам адам отыр, оның ішінде 30 мың адамға қатысты сот үкімі шыққан, 4000 адамға қатысты тергеу жүріп жатыр. Олардың 93 пайызы ауыр және аса ауыр қылмыстар жасаса, шамамен 45 пайызы қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Бұдан басқа, 32 мыңнан астам адам пробациялық бақылауда тұр.

"Алдын ала есептеулер бойынша, рақымшылыққа 2236 тұтқын мен пробация қызметінің есебінде тұрған 11 310 адам ілігеді. Біріншіден, 1000-ға жуық адам бостандыққа шығады, сондай-ақ 3,8 мың адам пробация қызметінің есебінен шығарылады.

Екіншіден, жазаның өтелмеген мерзімін қысқарту 1294 тұтқын мен пробация қызметінде есепте тұрған адамдарға қолданылады.

Үшіншіден, сотқа дейінгі өндірістегі 5000 қылмыстық іс қысқартылады, оның ішінде 1674-тен астам адам қылмыстық жауапкершіліктен босатылады, 1471 адамға қатысты жаза мерзімін қысқарту немесе босату жөніндегі ережелер қолданылады.

Аса қауіпті қылмыс жасаған адамдарға рақымшылық жасау қарастырылмаған", - дейді ІІМ басшысы.

Еске салайық, осыған дейін мәжіліс депутаттары "ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы" заң жобасын қарауға кіріскен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1940295-tauelsizdiktin-30-zyldygyna-orai-raqymsylyqqa-kimder-ilinedi/