Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай жасалатын рақымшылыққа кімдер ілінеді

Опубликовано:

Түрме
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай кімдер рақымшылыққа ілініп, бостандыққа шығатынын айтты деп хабарлайды Polisia.kz.

Мәжіліс депутаттары "ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы" заң жобасын қарауға кіріскен.

Заң жобасында жеңіл және орташа ауырлықтағы қылмыс жасағандарды, залал келтірмеген немесе залалды толық өтеген, мемлекет пен азаматтардың қауіпсіздігіне қауіп төндірмейтін сотталушыларды жазадан босату ұсынылған.

Сондай-ақ, заң жобасында қарастырылған адамдар үшін негізгі жазаның мерзімі мен мөлшері қысқарады.

"Аталған топтағы адамдар тобын қарау кезінде келтірілген залалдың толық өтелгені, сондай-ақ осы заң қолданысқа енгізілген күні жазасын өтеуге бір жылдан көп емес уақыт қалғаны, теріс мінез-құлық танытпағаны ескеріледі", - дейді ҚАЖК.

Өз кезегінде, заң жобасына сәйкес, жергілікті атқарушы органдар еңбекке жарамды адамдарды жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, сондай-ақ түрмеден босатылған кезде әлеуметтік және басқа да көмек көрсету бойынша шаралар қабылдауы тиіс.

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған рақымшылық кәмелет жасына толмағандарға қатысты жыныстық сипаттағы қылмыс жасағандарға, сонымен қатар, жемқорларға, кісі өлтірушілерге, экстремистер мен қылмыстық топтың бұрынғы мүшелеріне қолданылмайды.

ҚАЖК мәліметінше, 30 жыл ішінде елімізде 8 мәрте рақымшылық жасалған. Соның кейінгі төртеуі Тәуелсіздік күніне орай жасалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1930812-el-tauelsizdiginin-30-zyldygyna-orai-zasalatyn-raqymsylyqqa-kimder-ilinedi/

pixel