Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

24 жастағы қостанайлық ару таныстарын туған әкесінен 117 млн теңге ұрлауға көндірген

Опубликовано:

сөмке
Көрнекі фото: pixabay.com

Қостанайда бойжеткен екі танысын туған әкесінен 117 млн теңге ұрлауға көндірген. 24 жастағы қыз сыбайластарымен бірге сот алдында жауап берді, деп жазады "Костанайские новости".

Тергеу барысында пойыздың плацкарт вагонындағы ұрлықты жәбірленушінің туған қызы ұйымдастырғаны анықталды.

Белгілі болғандай, бойжеткен Қостанайға ата-анасына келіп, ақша айырбастау орнына барған. Қыздың әкесі осы мекеменің директоры әрі негізін қалаушысы.

Ғимаратқа кірген қыз қызметкерлердің Қостанай мен Нұр-Сұлтан арасында қолма-қол ақша тасымалдайтынын білген.

31 мамыр күні елордаға ірі сомада ақша жеткізу үшін курьер жолға шыққан көрінеді. Мұны естіген бойжеткен ақпаратты таныстарына хабарлаған. Олардың бірі көршілес вагонға билет алған.

Осылайша, ер адам түнгі сағат 3-те медициналық маска мен көзілдірік тағып, ұйықтап жатқан курьерге келген. Сөйтіп ішінде 117 млн теңгеге жуық ашасы бар сөмкені алып кеткен. Содан кейін ол дәретханаға кіріп, ақшаны пакетке салып, жақын жердегі станциядан түсіп қалған.

Ұрланған ақшаның 95 млн теңгеден астамын кәсіпкердің қызы мен танысы алған, қалған 20 млн теңгеге жуық ақшаны "бұл операцияны" орындаған адам иемденген.

Бұл факті бойынша сот отырысы кезінде жәбірленуші өз қызын қылмыстық жауапкершіліктен босату туралы өтініш берген. Содан кейін оған қатысты іс тоқтатылған.

Ал оның құрбысы 5,5 жылға, жас жігіт 6 жылға бас бостандығынан айырылды.

Басылымның мәліметінше, аппеляциялық шағым түсірілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1940306-24-zastagy-qostanailyq-aru-tugan-tanystaryn-oz-akesinen-117-mln-tenge-urlauga-kondirgen/

pixel