Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"17 адам зорлағанына сенімдісіз бе": Министр Түркістан облысындағы шулы оқиғаға пікір білдірді

Опубликовано:

Зорлау
Көрнекі фото: goodhouse.ru

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәжіліс отырысында Түркістан облысында "17 ер адам зорлағанын" айтқан кәмелет жасына толмаған қыздың ісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Журналистер сауалына жауап берген Тұрғымбаев БАҚ өкілдерінен қызды 17 адам зорлағанына қаншалықты сенімді екенін сұрады.

"Оны 17 адам зорлағанына сенімдісіз бе? Қыз жоғалып кеткен, бір тәулік болған жоқ, жедел шараларды өткізу барысында ол табылып, анасына қайтарылды. Ол күні арыз-шағым түспеген. Бір тәуліктен соң арыз түскен. Кейін қыздың анасы арызынан бас тартып, бұны нотариалды түрде растаған. Бірнеше күннен кейін ғана әлеуметтік желіде оны 17 азамат зорлағаны туралы ақпарат пайда болды", - дейді министр.

Тұрғымбаев аталған арыз тіркелгенін атап өтті.

"Біз тексеруге міндеттіміз (зорлау фактісі болды ма - ред). Жәбірленушіге қатысты бірқатар медициналық сараптама жүргізіліп жатыр. Тексеріс нәтижесі бойынша шешім қабылданады",- дейді ішкі істер министрі.

Еске салайық, Түркістан облысындағы бұл оқиға жайлы алғаш рет өткен аптада белгілі болған еді.

Сонда полиция қыздың анасының арызына қатысты пікір білдірген болатын. Кейін БАҚ беттерінде оқиғаның мән-жайы айтылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1940314-17-adam-zorlaganyna-senimdisiz-be-ministr-turkistan-oblysynda-eldi-durliktirgen-oqigaga-qatysty-pikir-bildirdi/

pixel