Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлттық экономика министрі азық-түлікке күніне қанша теңге жұмсайтынын айтты

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев азық-түлік сатып алуға күн сайын қанша теңге жұмсайтынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

БАҚ өкілдері Әсет Ерғалиевтен азық-түліктің қымбаттауынан, қазақстандықтардың бағаның үнемі өсуіне қатысты шағымынан хабары бар ма екенін сұрады.

Осы орайда ұлттық экономика министрі баға тек елімізде ғана емес, бүкіл әлемде өсіп жатқанын жеткізді. Әлемдік инфляция 33 пайызға жетсе, Қазақстанда оның деңгейі 8,9 пайыз шамасында.

Ол тәулігіне азық-түлік сатып алуға қанша теңге жұмсайсыз деген сұраққа жауап беріп жатып, министр шатасып кетті.

"Отбасымызбен күніне тамаққа 50-60 мың теңге жұмсаймыз", - деді министр мәжіліс кулуарында. Бірақ "бұл бір айда ма?" деп нақтылаған кезде "иә" деп жауап берді.

"Біз де нан, сүт, қант сатып аламыз. Біздің де отбасымыз сіздердікіндей", - деді министр.

Әсет Ерғалиев қазір үкімет халықтың табыс көзін арттыру үшін қолдан келгенін жасап жатқанын атап өтті. Бұл үшін түрлі мемлекеттік бағдарламалар әзірленіп, жаңа жұмыс орындары ашылуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1940339-ulttyq-ekonomika-ministri-azyq-tulikke-kunine-qansa-tenge-zumsaitynyn-aitty/

pixel