Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлем чемпионатының жартылай финалына шығу бойынша Қазақстан нешінші орында тұр

Опубликовано:

Сәкен Бибосынов
Сәкен Бибосынов. Фото: olympic.kz

Бокстан Сербияның астанасы Белградта өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстанның бес спортшысы жартылай финалға шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Кеше ширек финалда Теміртас Жүсіпов (48 келі), Сәкен Бибосынов (51 келі), Махмуд Сабырхан (54 келі), Серік Теміржанов (57 келі) және Абылайхан Жүсіпов (67 келі) қарсыластарынан басым түсіп, жартылай финалда өнер көрсету мүмкіндігіне ие болды.

Әлем чемпионатының 1/4 финалына шыққан он қазақтандық боксшының бесеуі жатылай финалға өте алмады. Олардың қатарында Саматәлі, Санатәлі Төлтаевтар, Нұрқанат Райыс, Асыланбек Шымбергенов пен Нұрбек Оралбай бар.

Қазақстан секілді Куба мен Ресейден де бес былғары қолғап шебері жарысты жалғастырады.

Сонымен қатар, жартылай финалда АҚШ пен Таиландтан - төрт, Әзербайжан мен Франциядан - үш, Өзбекстан, Жапония, Грузия, Беларусь пен Италиядан - екі боксшы ақтық мәреге шығуға таласады.

Ал Үндістан, Испания, Сербия, Албания, Украина, Шотландия, Иран, Доминикан Республикасы, Бельгия, Тринидад және Тобаго, Бразилия мен Армения еншісінде бір-бірден спортшы бар.

Жартылай финал 4 қарашада өтеді.

Айта кетейік, биылғы әлем чемпионатында былғары қолғап шеберлері 13 салмақ бойынша өзара мықтыны анықтауда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1940344-alem-cempionatynyn-zartylai-finalyna-sygu-boiynsa-qazaqstan-nesinsi-orynda-tur/

pixel