Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ғаламтордан іздейді": Журналист ата-аналарды баланы жыныстық сауаттылыққа үйретуге шақырды

Опубликовано:

Журналист
Фото: askerbekkyzy_saltanat/Instagram

Белгілі журналист әрі бизнес тренер Салтанат Әскербекқызы ата-аналарды баланы ерте жастан жыныстық сауаттылыққа үйретуге шақырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы ол Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

Оның сөзінше, жыныстық сауат жасөспірімге өте қажет.

"Тыйым салсаң — қателескенің! Неге десең, қорқады, жасырады, керегін ғаламтордан іздейді. Ал онда кілең порнография, - дейді журналист.

Осы орайда Салтанат Әскербекқызы ата-аналарға не істеу керектігін айтып, өз кеңесін берді.

"Бала туғаннан ақпарат алуға, білуге құқығы бар - сол заңды сақта, ол себепсіз жазылған жоқ. Санауды, оқуды үйретесің, сол сияқты ересек өмірдің табиғаты мен алдын алуға болатын зиянын үйрет.

Ақпаратты қызға анасы, ұлға әкесі жеткізеді. Әкесі болмаса ұлды урологқа да апарған абзал. Жалпы ұлдың жыныс мүшесі дұрыс дамып жатыр ма - туа салысымен, 7, 10, 11 жастан бастап көрсетіп қой.

Сауат ашу 4-5 жастан басталады. Жасына сай ақпаратты жеткізу жолы жеңіл және өскен сайын салмақтай түседі", - дейді журналист.

Ол балаға ешқашан өтірік айтуға болмайды деп есептейді. Махаббаттың нәтижесінде (4-5 жасқа), еркек пен әйелдің жақындасуынан (шамамен 9-10 жаста) сәби іште өседі деп түсіндіру ләзім.

"Баланың сұрағына, жалпы сөйлескенде ешқашан күлме. Өзіңе де ыңғайсыз екенін, қобалжығаныңды ашық айт, себебі бізге мұны ешкім түсіндірген жоқ. Сенімге кір. Баламен дос бол. Қандай қателік жасаса да, сен менің баламсың деп ұрыспай, қолда. Сонда өздеріңізге әрқашан сұрағымен асығатын болады", — дейді Салтанат Әскербекқызы.

Сонымен қатар сарапшы балаға телефон алып бергенде бірқатар мәселеге назар аудару керектігін ескертті.

"Смартфон алып бердім деп мәз болмас бұрын, балаңа медиасауаттылық, яғни ғаламтордағы ақпаратты сүзгіден өткізу, қауіпсіздікті үйрет.

Баланы өзіңмен салыстырма. Сіздердің замандарыңызда ғаламтор немесе смартфон болған жоқ. Қазіргі балалар өте зерек. Оларды смартфон мен ғаламтордағы ойынмен шектемей, білімне бағытта", - деп сөзін қорытындылады Салтанат Әскербекқызы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1940530-galamtordan-izdeidi-zurnalist-ata-analardy-balany-zynystyq-sauattylyqqa-uiretuge-saqyrdy/

pixel