RU

Энергетика министрі: Бензин бағасының көтерілуі бізді алаңдатты

Көлік
Көрнекі фото: piqsels.com

Үкімет отырысында энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев елдегі бензин бағасының көтерілуіне қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

БАҚ өкілдері Мырзағалиевтен бензин бағасының төмендеуі күтілуде ме деп сұрады. Энергетика министрі бұған жауап ретінде қазір бензин бағасының көтерілуіне негіз жоқ екенін айтты.

"Кеше ірі жанармай құю бекеттерімен жұмыс жүргізе бастадық, енді бірінші кезекте неліктен бағаның көтерілуі орын алғанын түсінуіміз керек. Қазір бағаның өсуіне ешқандай негіз жоқ деп есептейміз", – деді министр.

Мағзұм Мырзағалиевтың айтуынша, бұл жұмыстың бәсекелестікті қорғау агенттігімен бірлесіп жүргізіліп жатыр.

"Бензин бағасы, ал негізінен жанар-жағармай – ол тұтастай реттелмейді. Сондықтан біздің министрлік баға белгілеуге жауапты емес. Бірақ өзімізге жүктелген жауапкершілікті ескере отырып, бұл мәселемен айналысуға мәжбүрміз", – деді энергетика министрі.

Жалпы, оның айтуынша, қазір жанар-жағармай нарығындағы жағдай тұрақталып келеді.

"Әрине, баға мәселесі өте өзекті. Біз мұнай бағасының өсуін көріп отырмыз. Дизельдік отынға қатысты жағдайды тұрақтандыруға қол жеткіздік. Бензинге келетін болсақ, шынында да, кеше бензинге қатысты қымбаттағаны туралы ақпарат пайда болды. Соңғы үш жылдың статистикасын зерттедім. Соңғы үш жылда – 2018-2021 жылдар аралығында – 92-ші бензиннің бағасы 163 теңгеден 177-178 теңгеге, үш жылда 15 теңгеге өскенін көріп отырмыз.

Бұл, әрине, елеусіз өсім. Бірақ, бензин бағасының көтерілуі бізді айтарлықтай алаңдатты. Сондықтан қазір бензин қажетті мөлшерде өндіріліп, жөнелтіліп жатқандықтан, бензин бағасының көтерілуіне негіз жоқ деп есептейміз. Әрине, бүгінде бензинге қатысты жағдай өте тұрақты", – деді министр.

Оның айтуынша, авиакеросинге қатысты жағдай да тұрақты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1940559-energetika-ministri-benzin-bagasynyn-koterilui-bizdi-alandatty/