Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда аумақты кешенді игеру жобасы жүзеге асырылуда

Опубликовано:

Talan
Фото: BI Group

BI Group ұсынған Talan бигвиллі-жай ғана тұрғын үйлер емес, жаңа экожүйе. Бүгінгі күні бұл жаңашылдық ел астанасы мен Алматыда да қарқынды енгізілуде. Қарашаның 3 күні жобаның бірінші кезектегі клиенттері пәтер кілттерін қолдарына алды.

Talan жобасын жүзеге асыру 2020 жылдың маусым айында басталған. Бигвиллдің ауданы - 9 гектарды құрайды. Пәтерлердің жалпы саны-1758. Қала "Нұрсая” бағытында дамып келеді. Мұнда мұз сарайы, ХҚКО, "Сарайшық" базары, теннис орталығы, Оқушылар сарайы және т.б. жұмыс істейді. Talan бигвиллі Әбілқайыр хан мен Жұмағалиев көшелерінің арасында, Ғабдиев көшесінің қиылысында салынып жатыр.

Оның қарқынды дамып келе жатқан ауданда орналасуы оны қаланың басқа да жаңа құрылыстарынан ерекше етеді.

Talan
Фото: BI Group

Talan жоғары деңгейдегі комфорт

Жобаның бірегейлігі - мұнда бірден тұрғын үйдің 3 санаты ұсынылады: комфорт, комфорт+ және бизнес. Сондықтан клиенттерде тұрғын үй деңгейіндегі айырмашылықтарды бағалауға мүмкіндік бар. Алайда, барлығында негізгі заттар бірдей болып келеді. Мысалы, көліксіз және қауіпсіз аула, тәулік бойы күзет және тұрақ.

Daewoo оңтүстік кореялық мамандарымен бірлесіп құрылған Acoustic Pro шу оқшаулау жүйесі тыныш демалысқа жауап береді. Бірыңғай дизайн коды сәулет ансамблі мен ауланың тұтастығын қамтамасыз етеді, жайлылық пен үйлесімділік тудырады. Компанияның стандарттары аясында бигвиллдегі пәтерлер жетілдірілген әрлеуде беріледі, ал қосымша опция ретінде сіз Connected Home-нан ақылды үй жүйесін орнатуға тапсырыс бере аласыз.

Talan
Фото: BI Group

Пәтерлерден бөлек, бигвиллде коммерциялық үй-жайлар да сәтті жүзеге асырылуда. Олардың төбелерінің биіктігі 4,3 м– ден басталады. Онда панорамалық-витраждық терезелер, қосымша сорынды, кондиционерлерге арналған орындар бар.

Сондай ақ қажет болған жағдайда электр қуатын арттыруға болады. Кварталдың ыңғайлы орналасуы мен бигвилль инфрақұрылымының арқасында коммерциялық жылжымайтын мүлік бүкіл ауданның тартылыс орталығына айналары сөзсіз.

Talan
Фото: BI Group

Кәмшат, блогер:

"Мен жеке блог жүргіземін, онда мотивация және лайфстайл туралы жазамын. Мен үшін жайлы өмір сүру өте маңызды. Біз BI Group-тан пәтер аламыз деп болжадық, өйткені біздің елордада жылжымайтын мүлігіміз бар. Ал компанияның Атырауда құрылысты бастағанын естігенде, біз бірден қаржы салдық. Басты артықшылық сервис пен тұрақтылық екенін атап өткім келеді. Компания мамандары барлық сұрақтарға жауап береді, жедел көмек көрсетеді. Біз көшіп келетін күнді асыға күтудеміз."

Құрылыс жұмыстары аяқталған кезекте бос пәтерлер қалған жоқ. Бірақ жылжымайтын мүлікті басқа кезектерден сатып алуға болады. Ол үшін сіз И. Тайманов, 58 мекенжайы бойынша орналасқан сату бөлімінде кеңес ала аласыз немесе 360 нөміріне тегін хабарласа аласыз.

Talan
Фото: BI Group

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1940692-atyrauda-aumaqty-kesendi-igeru-zobasy-zuzege-asyryluda/

pixel