Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алдағы демалыс күндері елімізде ауа райы қандай болады

Опубликовано:

қар
Көрнекі фото: pixabay.com

Синоптиктер алдағы үш күнге, яғни 6-8 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Метеорологтардың дерегінше, демалыс күндері Қазақстанның басым бөлігінде күн райы жауын-шашынсыз әрі шуақты болмақ.

7-8 қараша күндері елдің батыс өңірлерінде жаңбыр мен қар жаууы ықтимал.

Батыста ауа температурасы түнде 5 градус аяздан +5 градусқа дейін көтерілуі мүмкін, ал күндіз сынап бағанасы +5-тен +15 градусқа дейін жылылықты көрсетеді.

Солтүстікте, солтүстік-батыста және республиканың шығысында ауа температурасы түнде 3-11 градус аяздан +1+8 градусқа дейін көтерілуі мүмкін.

Еліміздің оңтүстігінде түнде 1-10 градус аяз болса, күндіз +3-тен +12 градусқа дейін жылы болмақ.

Оңтүстік-шығыста түнде 5-15 градус аяз болса, күндіз 3 градус аяздан +8 градусқа дейін көтерілуі ықтимал.

Еске сала кетсек, бұған дейін "Қазгидромет" РМК синоптиктері қараша айына арналған ауа райы болжамын ұсынған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1940742-aldagy-demalys-kunderi-elimizde-aua-raiy-qandai-bolady/

pixel