Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дәурен Абаев ревакцинация процесінің басты қағидаттарын атап берді

Опубликовано:

Дәурен Абаев
Дәурен Абаев. Фото: Sputnik / Болат Шайхинов

Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев елімізде қайта вакцинациялау мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Мемлекет басшысы жағдайды бақылауында ұстап отыр. Ревакцинация — күн тәртібіндегі маңызды сұрақтардың бірі. Оны бастау уақыттың еншісіне тиесілі болды. Айғақ ретінде елден бұрын бастаған Израильдің ревакцинациялау тәжірибесін алсақ. Айтпақшы, статистикаға сүйенсек, ол елде қайта вакцина алғандар ішінде коронавирусқа шалдыққандар ауруды 20 есеге дейін жеңіл өткерген.
Осы орайда Денсаулық министрлігінің алдында халықаралық тәжірибе мен ДДҰ-ның ұсынымына сүйене отырып ревакцинациялаудың нақты алгоритмін жасау міндеті тұр. Ең басты сұрақ адам иммунының қайта қалыптасу мерзімін анықтау. Екінші мәселе қандай вакцина егіледі. Және үшінші мәселе "Ashyq" жүйесі қалай жұмыс істейтін болады. Яғни «жасыл» мәртебесі қайта қарала ма деген секілді", - деді Дәурен Абаев "Хабар" телеарнасында өткен «Ашық диалог» 2.0 (Открытый диалог 2.0) сұхбатының кезекті санында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1940849-dauren-abaev-revakcinaciya-procesinin-basty-qagidattaryn-atap-berdi/

pixel