RU

Бақытжан Сағынтаев вакцина салдырған миллионыншы алматылықтың есімін атады

Вакцина
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің Twitter парақшасында коронавирусқа қарсы вакцина салдырған миллионыншы тұрғынның есімін жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Медициналық ақпараттық жүйенің мәліметінше, Самал Оқапова Алматыда коронавирусқа қарсы екпе алған миллионыншы тұрғын. Денсаулығындағы кінәратқа қарамастан ол өзін әрі жақындарын қорғау үшін вакцина алды. Бұл әрекеті көпшілікке үлгі болары анық", - деп жазды мегаполис басшысы.

Айта кетейік, бүгінде елімізде коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін 8 390 029 адам салдырды. Ал препараттың толық курсын 7 651 170 адам салдырған. Вакциналау қарқыны бойынша өңірлер арасында Алматы көш бастап тұр.

Жалпы пандемия басталғалы бері Қазақстанда 947 250 адамнан коронавирус анықталған. Өткен тәулікте вирус жұқтырған 1328 қазақстандық тіркелді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1940889-baqytzan-sagyntaev-vakcina-saldyrgan-millionynsy-almatylyqtyn-esimin-atady/