Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Абайдағы кеншілердің өлімі: қылмыстық іс қозғалды

Опубликовано:

Полицей
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Абай кенішіндегі төтенше жағдай фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Қарағанды ​​облысының полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Абай ауданындағы шахтада жарылыс жасау фактісі бойынша қылмыстық кодекстің 277-бабының 3-бөлігі "Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазір оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Қарағанды ​​облысының полиция департаментінің басшылығы мен жеке құрамы қаза болған кеншілердің отбасыларына көңіл айтады", – деп хабарлады ведомствода.

Еске сала кетейік, бүгін сағат 08.37-де Абай қаласындағы "АрселорМиттал Теміртау" АҚ Абай КД шахтасында желдеткіш Штрек 3-К10 түбінде метан газының кенеттен шығуы орын алған еді.

Оқиға орнында қалған сегіз қызметкердің алтауы қайтыс болды, екеуі зардап шекті. Қазіргі уақытта оларды шахтадан шығарып алу жұмыстары жүргізілуде. Өндіріс процесі тоқтатылды.

Сонымен қатар, қаза тапқан кеншілердің есімін төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі жария етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1940947-abaidagy-kensilerdin-olimi-qylmystyq-is-qozgaldy/

pixel